Суретші Рауза Ералиеваның "Мен – әлемнің бір бөлшегімін" атты көрмесі ашылды

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Ералиева Рауза Бейсембайқызының жеке көрмесі ашылады. Көрермендер назарына оның шығармашылығының әр жылдарында салынған 80-нен астам туындысы ұсынылады. Олар – портреттер, пейзаждар, натюрморттар, абстрактылы композициялар, сонымен қатар ұлттық стильде жазылған картиналар.
Суретші Рауза Ералиеваның "Мен – әлемнің бір бөлшегімін" атты көрмесі ашылды

Рауза Бейсембайқызы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады, оның ұстаздары мен тәлімгерлері Қазақстан бейнелеу өнерінің көрнекті шеберлері – Айша Ғалымбаева, Қанафия Телжанов және т.б.

Шығармашылық ізденістерінің ертерек кезеңінде ол қышқа құмар болғанына қарамастан, дизайнерлік жобалар жасаумен де айналысты. Ал кескіндеме болса, оның сүйікті жұмысы болып қала береді.

Алая гармония

Суретші майлы бояу кескіндемесі техникасына маманданған, сөйтіп мастихинмен жұмыс істегенді тәуір көреді. Оң энергетикаға, жарқын бояулар мен жан жылуына толы кенептерінің бетінде қылқаламы жеңіл әрі еркін сырғиды. Түстің көмегімен барлық туындыларының бойына сіңірген өз эмоциясының жарқылдары мен өз көңіл-күйінің реңктерін береді!

Бір деммен жазылған, қымбатты да өзінің жанына жақын адамдардың портреттерін өз отбасының мүшелеріне арнаған. Оларда жұбайы Әлен-Бек Қамзаұлы –  экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, қыздары – Лэйла, Әлия, Мәдина, немерелері – Камилла, Әсел, Рахман, Ералы, Нұралы, шөбересі Әнуар және т.б. бейнеленген.

... «Адам өмірі дегеніміз ешкімге мүлдем бағынбайтын құпия, жұмбақ. Портрет жазған кезімде, мен оның суретін саламын» дейді суретші.

Автопортрет

Рауза Бейсембайқызы Ералиева – тез тіл табыса кететін ғажап адам, талантты суретші, аяулы жар, сүйікті ана және әже. Ол оптимизмге толы болғандықтан, романтик болып қала береді, шын жүректен өлең жазады. Оның «Ғашықтар» деп аталатын картиналар топтамасы романтикалық романтикалық нотаға бөленген. Суретші оларда сезім жарасымына көңіл қояды, адалдық, махаббат және бақыт дәріптеледі.

Сүйікті жанры – натюрморт. Оларда барынша толығымен және күшімен суретшінің кескіндемелік және колористік дарыны ашылған. Күн сәулесімен балбырап піскен алма, шабдалы мен апельсин, жүзім мен бүрген сабақтары, қызыл және жасыл бұрыштар осыншама байлық пен молшылықтан көз ала алмайтын соншалықты тартымды да әдемі! Ол өзін айналасындағы табиғаттан және ең қарапайым заттан да сонша сұлулық пен түсті көреді.

«… Менің әлемім – сезім, махаббат, өмірдің рахатына бөлену!

Менің бояуларым менің өмірімдегінің бәрін де жасайды!»…

Шейх және оның музасы

Суретші өзін жеке бір Әлем ретінде және өмірдің әр алуандығы мен сұлулығы суреттелген алып, шексіз әлемнің бір бөлшегі ретінде сезінеді. Осындай адамдардың арқасында ғана Әлемде ізгілік қанатын жая бермек.

Ирисы

Өтетін күні: 07.12. 2018 – 07.01.2019

Кураторы: Нұрфеизова Нұржамал Бекбосынқызы, Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Қазақстан қолданбалы өнері бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Вернисаж: 2018 ж. 14  желтоқсан сағат 18.00

Сізге қызық болуы мүмкін: