Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы "Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің номинанттарын жариялады

COVID-19 эпидемиясының орын алу жағдайына байланысты, жүлдегелерді салтанатты түрде марапаттау кеші  өткізілмейді. "Сыншылар таңдауы" мүсіндері әр жеңімпазға арнайы жеткізіліп, табысталады.
Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы "Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің номинанттарын жариялады

Жыл сайын кино саласының үздіктерін анықтайтын Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы "Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің номинанттарын жариялайды. Жеңімпаздар мамыр айының 6 жұлдызында жарияланады.

"Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің номинанттары:

Үздік драмалық фильм

  • Тұлғалық өсу трениңі (продюсерлері Е.Ахметов, Ю.Ким)
  • Қап-қара адам (продюсерлері А.Сатаев, Э.Құрмашев, С.Әбішев, О.Хлащева)
  • Мәриям (продюсері А.Качко)
  • Қазбат (продюсері Д.Ибрагимов)

Үздік жанрлық фильм

  • Кореядағы қазақша бизнес (продюсері Н.Қоянбаев)
  • Off-line демалыс (продюсерлері Э.Құрмашев, С.Әбішев)
  • Айналар (продюсері Т.Қанафин)
  • Әкім (продюсері Н.Адамбай)

Үздік режиссер

  • Әділхан Ержанов (Қап-қара адам)
  • Фархат Шәріпов (Тұлғалық өсу трениңі)
  • Шарипа Оразбаева (Мәриям)
  • Асқар Ұзабаев (Қазбат)

Үздік сценарий

  • Әділхан Ержанов (Қап-қара адам)
  • Фархат Шәріпов (Тұлғалық өсу трениңі)
  • Шарипа Оразбаева (Мәриям)
  • Елжас Рақым (Еркін)

Үздік қоюшы-оператор

  • Ескендір Нарымбетов (Олма Джон)
  • Айдар Шәріпов (Қап-қара адам)
  • Максим Задарновский (Қазбат)
  • Александр Плотников (Тұлғалық өсу трениңі)

Үздік қоюшы-суретші

  • Ермек Өтегенов (Қап-қара адам)
  • Өмірзақ Шманов (Жаксылык)
  • Қуат Тілеубаев (Томирис)
  • Александра Аронова (Олма Джон)

Үздік ер адам бейнесі

  • Данияр Алшынов (Қап-қара адам)
  • Дулыға Акмолда (Тұлғалық өсу трениңі)
  • Дәурен Серғазин (Қазбат)
  • Асқар Ильясов (Тағдыр бекеті)

Үздік әйел бейнесі

  • Меруерт Саббусинова (Мәриям)
  • Әлмира Тұрсын (Томирис)
  • Динара Бақтыбаева (Қап-қара адам)
  • Динара Шәріпова (Қыз бен теңіз)

Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі

  • Ержан Түсіпов (Тұлғалық өсу трениңі)
  • Мантас Валантеус (Еркін)
  • Теоман Хос (Қап-қара адам)
  • Серікболсын Қайыржанов (Айналар)

Екінші пландағы үздік әйел бейнесі

  • Айжан Лайджи (Томирис)
  • Гүлназ Жоланова (Әкім)
  • Дильназ Нұрсейіт (Композитор)
  • Индира Шынболатқызы (Қазбат)

Үздік композитор

  • Ғалымжан Молданазар (Қап-қара адам)
  • Илья Одегов \ Эмиль Досов (Тұлғалық өсу трениңі)
  • Әлім Заиров \ Ренат Ғайсин (Томирис)
  • Ғалымжан Секеев (Балуан Шолақ)

Үздік ән

  • Айқын Төлепберген, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі – Жүрегіңнен бір орын бер (Қазбат)
  • Данэлия Төлешова & Alvin Today – Off-line демалыс (Off-line демалыс)
  • Мағжан Хамит & Зарина Нұржанова – Алғашқы махаббат (Off-line демалыс – 2)
  • Қайрат Нұртас – Жұлдызым (Айналар)

Сондай-ақ, Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы биыл тағы бір номинация ұсынады:

Үздік дебют

  • Шарипа Оразбаева (Мәриям)
  • Виктория Якубов (Олма Джон)
  • Елжас Рақым (Еркін)
  • Әлішер Утев (Ағасы бардың...-2)

Естеріңізге сала кетейік, өз жұмысын 2015 жылдан бері жалғастырып келе жатқан Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы жыл сайын отандық кино саласындағы үздіктерді анықтап, "Сыншылар таңдауы" жүлдесін табыстайды. Киносыншылар қауымдастығы биыл жаңа мүшелермен толықты. Олар: Өнертану докторы Молдияр Ергебеков, кинотанушы, киносыншы Дана Әмірбекова және кинотанушы, Baiqonyr ISFF-тің бағдарлама директоры Ержан Жұмабеков.

Қазақстан Киносыншылар қауымдастығына отандық белгілі кинотанушылар мен кинозерттеуші (биыл қосылған мүшелермен бірге) 16 маман мүшелік етеді: Олег Борецкий, Төлеген Байтөкенов, Кәрім Қадырбаев, Баубек Нөгербек, Назира Мұқышева, Гүлажар Машрапова, Ғалия Байжанова, Дмитрий Мостовой, Инна Смаилова, Ольга Малышева, Мади Мамбетов және Александра Поршнева. Қазақстан Киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнар Әбікеева.

Сізге қызық болуы мүмкін: