Қазақстанда "Mobile Blockbuster film festival" байқауы ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президеті – Елбасы Қоры Қазақстанда алғаш ұйымдастырылған мобильді кино фестиваліне қолдау білдірді.
Қазақстанда "Mobile Blockbuster film festival" байқауы ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен Қазақстанда "Mobile Blockbuster film festival" (MBff)  қысқаметрлі фильмдердің алғашқы фестиваль-байқауы басталады. Жобаның ерекшелігі – байқауға қатысатын барлық фильмдер планшет немесе телефон камерасына түсірілуі қажет.

Жоба арқылы фестиваль ұйымдастырушылары – сценарист және режиссер Дмитрий Байназаров бастаған MBff Production тобы карантин кезеңінде шығармашылық қайраткерлерге қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық энергиясы мен дарынын жаңа бағытқа бұруға шешім қабылдады.

Мобильді фильмдердің киноиндустрияға жаңа формат ретінде енгеніне 10 жылдан астам уақыт болды. Алайда, біздің елде және бүкіл ТМД елдерінде өнердің бұл түріне қызығушылық енді ғана артып келе жатыр. Заманауи гаджеттердің қосымша жабдықтарсыз және шығынсыз жоғары сапалы фото немесе видео түсіру мүмкіндігі бар.  Мұндай технологиялар талантты режиссерлер мен операторларға өз идеяларын жүзеге асыруға, эксперимент жүргізуге, жаңа визуал шешімдерді іздеуге, сол арқылы сандық технологиялармен бір бағытта қозғалуға мүмкіндік береді. Осы орайда, Адам потенциялын дамытуды мақсат тұтатын Тұңғыш Президент Қоры мобильді кино форматындағы отандық кино өндірісіндегі жаңа есімдерді қолдауға дайын, – деді Қордың Алматыдағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров.

Бірінші Mobile Blockbuster film festival байқауының тақырыбы – "бетперделер". Бетперде сөзі кең мағынасында – медициналық, театрлық, әлеуметтік және т.б. болуы мүмкін, яғни адамның күнделікті өмірде киетін "бетперделері".

Байқауға қатысу үшін фильмді тек смартфонға немесе планшетке түсіруге болады. Фильмдердің жалпы ұзақтығының 10%-ын дронмен немесе экшн-камералармен түсіруге болады. Шамдар, крандар, арбалар, дыбыс жазғыш және т.б. осындай кез-келген өндірістік жабдықтарға рұқсат етіледі.

Бейне файлдардың жүктеу жүйесіндегі сілтемесін және арнайы формада толтырылған өтінімді фестивальдің MBfilmfest.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберу керек. Байқауға қатысатын фильмнің минимал ұзақтығы – 1 минут, ал максимал ұзақтығы – 12 минут.

Жүлделер мына категориялар бойынша тағайындалады:  

  • L – Large (3-тен 12 минутқа дейін);
  • S – Small (1-ден 3 минутқа дейін);
  • XS – eXtra Small (1 минутқа дейінгі фильм);
  • MC – Musical Clip (музыкалық видео);
  • PC – People’s Choice (көремен көзайымы сыйлығы).

Қатысушыларды тіркеу және жұмыстарды қабылдау  2020 жылдың 12 сәуірінен 15 мамырына (қоса алғанда)  дейін жүргізіледі. MBff жеңімпаздары 2020 жылдың 17 мамырында онлайн форматта анықталады.

Байқаудың қазылар алқасы құрамы:

  • Рашид Сүлейменов, режиссер – қазылар алқасының төрағасы;
  • Ерден Телемісов, актер, каскадер;
  • Дмитрий Кириенко, Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінің директоры;
  • Артур Михеев, режиссер, Мәскеу қаласы.

Байқаудың толық шарттары fpp.kz сайтында «Байқаулар» бөлімінде және mbfilmfest.com сайтында жарияланған.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры

Сізге қызық болуы мүмкін: