Шымкент қаласында «КИНОАРТ - 2018» әуесқой кинорежиссерлер фестивалі өтеді

Республикалық әуесқой жас кинорежиссерлердың тың идеялары мен озық ойлары додасы V "КИНОАРТ - 2018" фестивалі 1-наурызда басталады.  
Шымкент қаласында «КИНОАРТ - 2018» әуесқой кинорежиссерлер фестивалі өтеді

Фестиваль 2018 ж. 1-наурыз күні Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Педагогика және мәдениет» факультетінің сахнасында өткізіледі.
«Фестивальдің басты мақсаты – жастарды кино өнеріне баулу, кино мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосу, және жас режиссерлерге бағыт сілтеу, қолдау.
Бұл шара еліміздегі кино өнеріне қызығушылық танытқан, талантты жас өнерпаздарға берілген үлкен мүмкіндік. Фестиваль 2014 жылдың ақпанында алғашқы рет шымылдығын ашты. Биыл 5 рет өткізіліп отыр» - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Фестиваль қорытындысы бойынша арнайы «Бас жүлде», «Бірінші орын», «Екінші орын», «Үшінші орын» марапаттары орын алады. «Бас жүлде» иегері арнайы «КиноАРТ» символына ие болады.
Сонымен қатар, арнайы кино номинациялар:

  • «Үздік сюжеттік құрылым»,
  • «Үздік операторлық жұмыс»,
  • «Үздік ер образы»,
  • «Үздік әйел образы»
  • «Үздік екінші пландағы актер»
  • «Үздік сценарий»
  • «Үздік монтаждық жұмыс»
  • «Үздік өзекті тақырып»
  • «Үздік музыкалық композиция»

Фестиваль жұмыстарын бағалау бойынша қазылар алқасы мүшелері ҚР белгілі, кино және мәдениет саласы бойынша еңбек атқарып жүрген мамандар болып бекітіледі.
Қазіргі таңда фестивальдің бұрынғы қатысушыларының кино өнерінде өзіндік орны бар. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Әділханов, Әбдікерім Мүтәлі, Айдос Ералы, Сабит Абдиев, Қазыбек Убайдин, Рахымжан Қалдыкөз, Райымбек Төлеуғазы т.б. көптеген сериалдар мен көркем фильмдерде жұмыс жасап, өзге елдердегі фестивальдерге қатысып, шығармашылық жұмыстарының жемісін көруде.

Жоба авторы: М.Әуезов атындағы ОҚМУ аға оқытушысы, режиссер-педагог Еркебұлан Абдуллаұлы Жолдасов.

Сізге қызық болуы мүмкін: