"Кәукеннің жұлдызы" деректі фильмінің тұсаукесері

28-ақпан Ермек Тұрсыновтың киноклубында "Кәукеннің жұлдызы" атты деректі фильмінің тұсау кесері өтеді.
"Кәукеннің жұлдызы" деректі фильмінің тұсаукесері

28-ақпан сағат 15:00-де Ермек Тұрсыновтың киноклубында Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ұсынған "Кәукеннің жұлдызы" атты деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Сценарий авторы және режиссер Ғазиз Насыров. Фильм қазақ тілінде.

Фильм түсірілу барысында сирек архив материалдары, Кәукен Кенжетаевтың туған жеріндегі түсірілімдер, сонымен қатар, Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова және өзге де танымал тұлғалардан алынған сұхбаттар пайдаланылған. Кездесуді режиссер Ермек Тұрсынов жүргізеді.

Деректі фильм қазақ киносының негізін қалаған Шәкен Айманов, Мәжіт Бегалин, Сұлтан Қожықов және Абдолла Қарсақбаев сынды режиссерлердің өнердегі үзеңгілесі, опера әншісі, киноактер, жазушы, аудармашы, профессор, Тарлан сыйлығының лауреаты, Ш.Айтматов атындағы халықаралық премиясының лауреаты Кәукен Кенжетаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды.

Кәукен Кенжетаев (1916–2008) – кино актері, опера әншісі, опера театрының режиссері, жазушы, профессор, Қазақ ССР-ның Халық әртісі (1959).

Театрдағы еңбегі

1946 жылдан бастап Кәукен Кенжетаев Абай атындағы академиялық опера және балет театрының солисі. 1958 жылы Мәскеудегі қазақ өнері декадасының қатысушысы. Опера әншісі ретінде:

"Ер Тарғын" операсында (Е.Брусиловский) – Ер Тарғын;

"Жалбыр" операсында (Е.Брусиловский) – Жалбыр;

"Қыз Жібек" операсында (Е.Брусиловский) – Бекежан;

"Біржан – Сара" операсы (М.Төлебаев) – Жанбота;

"Кармен" операсы (Ж.Бизе) – Эскамильо;

"Руслан мен Людмила" операсы (М.Глинка) – Руслан сынды образдарды сахнаға алып келді. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстан Республикасының опера өнерінің алтын қорына енген көптеген сахналық образдарды жасап шықты.

Сонымен қатар, Кәукен Кенжетаев театрда режиссерлік талантының мүмкіндіктерін де кеңінен ашты. Опералық қойылымдарының ішінде:

Е.Брусиловский "Амангелді", "Ер Тарғын", "Қыз Жібек", "Жалбыр";

Т.Мұхамеджанов "Айсұлу";

Е.Рахмадиев "Алпамыс";

П.И.Чайковский "Пиковая дама" – опералары бар.

Кәукен Кенжетаев 1957 жылдан бастап киноға келді.

Фильмография:

Волга-Волга (1938)

Біздің сүйікті дәрігер (1957)  милиционер

Тұлпардың ізімен (1964) – Танабай

Ән қанатында (1966)  Нұртаза (дыбыстаған Михаил Глузский)

Ел басына күн туса (1967)  Бауыржан Момышұлы

Балалық шаққа саяхат (1968)  Ұзақбай (дыбыстаған Борис Кордунов)

Мәншүк туралы ән (1969)

Қызыл тас заставасында (1969) – қарт

Қыз Жібек (1970)  Базарбай (дыбыстаған Яков Беленький)

Белый квадрат (1970)  Сұлтан Сергалиұлы

Родник (1974)

Отқан оранған Орал (1974)

Гауһартас (1975)  әке

Последний год Беркута (1977)  Хоортай

Боранды бекет (1995)

Кәукен Кенжетаев Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. "Музыкалық комедия" кафедрасының негізін салушы. Шәкірттері Майра Ілиясова, Қыдырәлі Болманов, Ербол Көкеев, Гүлбаушан Тілеубекова, Айгүл Иманбаева сынды қазақ сахнасының майталмандарын тәрбиелеп шығарды.

Кәукен Кенжетаев 1980-2004 жылдар аралығында артист шығармашылығына, өнерге, өзнің әріптестеріне, достарына және өзінің туған ағасы Шәкен Аймановқа арналған көптеген еңбек жазды:

"Дархан дарын" 1980, "Кинорежиссер Мәжіт Бегалин" 1994, "Асылдар мен ардақтылар" 2002, "Суреттер сөйлегенде" 2004 т.б.

Сонымен қатар, әлемге танымал "Сильва" (И.Кальман) және "Фигораның үйленуі" (Дж.Россини) операларын қазақ тіліне аударған.

"Алпамыс" (Е.Рахмадиев) операсына, "Алдар көсе" (Т.Мұхамеджанов) операсына және "Құсни-Қорлан" (Т.Мұхамеджанов) музыкалық комедиясына либретто жазған.

Кәукен Кенжетаев 2008 жылы 92 жасында дүниеден озды.