2017 ж. 4 қазанда сағат 18.00-де Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында (Желтоқсан к., Жамбыл к. қиылысы) Алексей Уткин мен апалы-сіңлілі ГаБо-ның (Ғалия және Балқия Құсайынова) "Шабыт сызықтары" атты көрмесінің ашылуы болады. Көрмеде
суретшілердің соңғы туындылары қойылады. Олардың арасында пейзаждар,
натюрморттар және символикалық-философиялық жұмыстар, сондай-ақ линогравюралар
мен апалы-сіңлілі қыздардың контемпорари-арт стилінде жазылған "Сезімдер ойыны"
диптихы да бар. Апалы-сіңлілі ГаБо-ның да, Алексей Уткиннің де осы
жұмыстарындағы образды сомдауда, қимыл-әрекетті беруде, кеңістіктік жоспар
құруда қолданылатын айқын көркемдік тәсілдерінің бірі – сызық бейнелеу элементі
ретінде көзге түседі. Сызық – графика тілі. Ал ол біздің суретшілеріміздің
кескіндемелік туындыларының басты көркемдік тәсіліне айналған, мүмкін сондықтан
да болар, олар жұмыстарын "кескіндемелік графика" деп атаған.
ГаБо-ның "Өмір ағымы", "Алғашқы немере", "Егін жинау",
"Жас жұбайлар саяхаты" деп аталатын жаңа жұмыстары олардың ертеректе жасаған "Қазақ
сарындары" топтамаларының стилистикасымен үндеседі. Бірақ оларда қосарлы
бейнелер басымырақ – қара мен сарғыш қызыл, қара мен көк және т.б.
"Қазақ сарындарының" жұмыстары жеңіл де көркем, кітап
миниатюраларын немесе суретті мультфильмдерді еске түсіреді. Бұл топтаманы
жасау идеясы ГаБо-ның ойларына олар парсы миниатюрасымен танысқаннан кейін
келді. Шығыс миниатюрасы дәстүрі қыздардың жұмысында күңгірт жарықтың,
бұлыңғырдың, кеңістіктің, преспективаның болмауымен көзге түседі; мәселе бұл
жұмыстардың көркемдік тәсілдерінің бірі сызық болуында болып тұр. Қазір саны
жетеуге жеткен "Қазақ сарындары" топтамасында ГаБо ерекше сырластықпен, әсермен
және лиризммен өмірге әйел көзімен қарап, өздерінің "қазақтардың халықтық
өмірінің энциклопедиясын" жасады.
Шығыс миниатюрасына тән болып келетін шарттылық белгісі
апалы-сіңлілі ГаБо-ның жұмыстарында ауыл кейіпкерлері: отбасы, немере, жас
жұбайлар, егін жинап жатқан ауыл адамдарының шартты бейнелерінде көрініс
тапқан. Бірақ егер де "Қазақ сарындарында" суретші қыздар қазақ ауылы өмірінің
түрлі түсті сан алауандығын көрсетсе, бұл көрмеден жұмыстар махаббат, отбасы,
ұрпақ жалғастығы тәрізді жалпы адамзаттық мәселелерді көтеретін философиялық
маңызы бар жұмыстар орын алған. Суретшілер қазақтың этникалық материалында ғана
ашыла көрсетеді, бірақ бұл кез келген этностың өкілдері үшін маңызды.
Балқия (Бота) Құсайынова классикалықтан, нағыз
шынайылықтан бастап фантазиялық және абстрактылыққа дейінгі түрлі тақырыпқа
қалам тартады. Осы көрмеде де ол өзінің "Бүлдірген алқабының шоғыры", "Анар
шоғыры" және "Қысқы шоғыр" деп аталатын натюрморттарын ұсынды.
Өнер тарихында белгілі ағайынды суретшілер болған, мысалға
Васнецовтарды немесе Винтерхальтерлерді айтуға болады, бірақ олар әрқайсысы
өздері бөлек-бөлек жазды. Апалы-сіңлілі ГаБо өздерінің жұмыстарын бірге
жасайды, өздерінің жұмыстарына ГаБо деп қол қояды, яғни біреуі жасаса да,
бірлесіп жасаған жұмыс болып шығады.
Алексей Уткин – белгілі, аса танымал Қазақстан суретшісі.
Ол өзін түрлі жанрда сынап көрді: портрет, натюрморт, карикатураға ат салысты.
Бірақ қала пейзажы оның сүйікті тақырыбына айналды. Алатаудың етегінде қанат
жайған өзіміздің сүйікті қаламыз суретшінің таусылмас шабыт көзі болды. Бұлар –
жүрекке жылы, көзге ыстық көше қиылыстары, кең даңғылдар мен тыныш көшелер,
кафе, театр, фонтандар. Сүйікті қаламыздың бұл бейнелері "Шабыт сызықтары"
көрмесінде Уткиннің графикалық және кескіндемелік жұмыстарынан алдымыздан
шығады.
Ғалия және Балқия Құсайыновалар мен Алексей Уткин –
көптеген республикалық және шетелдік көрмелерге қатысты. Олар – 2000 жылы Рим
папасы Иоан Павлдың 80 жасқа келген мерейтойына орай өткізілген физикалық
кемтар суретшілердің арасындағы Дүниежүзілік көрме, 2003 жылы Мадридтегі
Испанияның дипломатиялық корпусына, іскер және саяси қауымға, мәдениет
қайраткерлеріне, БАҚ-қа арналған көрме, Вашингтондағы "Жол ІІ" және Нидерланды
Корольдігіндегі "Қызғалдақ және адам" көрмесі.
Көрме 28 қазанға дейін өтеді.
Көрме жетекшісі –
Клара Исабаева