Жоспарланған көрмелер:
- 28, 29 ақпан-1 наурыз – «Бәйшешектер гүлдегенде» Орта-Азиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесі.
- 4 наурыз күні сағат 15.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Almaty tutoring» балалар орталығының «Әдемі әлем балалар көзімен» атты көрмесі.
- 6 наурыз күні сағат 15.00-де Халықаралық әйелдер күніне арналған «Бәйтерек» халықаралық мектеп-лицейінің балалар суреттері көрмесінің ашылуы.
- 7 наурыз күні сағат 14.00-де «Үнді классикалық би орталығының» туған күніне арналған «Үнді биі: Ежелгі өнер тарихы» атты іс-шара.
- 18 наурызда сағат 12.00-де «Наурыз нақыштары» фестивалінің ашылуы өтеді. Фестиваль бағдарламасында: Қазақстанның заманауи суретшілерінің бейнелеу өнері көрмесінің ашылуы, ұлттық ойындар, шеберлік-сабақтар, музей сабақтары, экскурсиялар, концерт және т.б.
- 20 наурыз күні сағат 15.00-де Қазақстанның «Asia Doll» қуыршақ одағының «Жібек жолының алтын ғасыры» атты Тедди аюлары мен авторлық қуыршақтарының халықаралық көрмесінің ашылуы
Өтіп жатқан көрмелер:
- Елімізге танымал карикатурашы-суретші, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР суретшілер, журналистер, жазушылар одақтарының мүшесі Н. Е.Ибрагимовтың «Шарайна» атты көрмесі.
- Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Бейімбет Майлиннің, Тұрар Рысқұловтың және Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығына арналған «Құрбан болған тұлғалар» көрмесі.
- «Nomad Life» АҚ – мен ынтымақтастықта Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда – Қазақ мемлекетінің алтын бесігі» атты көрмесі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің тұрақты жұмыс істейтін экспозициялары:
- 1-зал: Қазақстанның палеонтология и археология залы;
- 2-зал: Тарихи этнография залы;
- 4-зал: Тәуелсіз Қазақстан залы;
- 5-зал: "Ашық қор. Қазақстанның археологиялық алтыны" экскурсиялық қызмет көрсетумен – 1300 тг.
- 6-зал: «Антропология музейі» экскурсиялық қызмет көрсетуді қоса алғанда – 1000 тг.
Мекен-жайы: Самал-1 ы.а., 44-үй, т. 264-55-77, 264-46-50
Жұмыс кестесі: 9.30-дан 17.30-ға дейін, әр сейсенбі – демалыс.
Музейге кіру: ересектер үшін – 450 теңге, студенттер үшін – 300 теңге, зейнеткерлер үшін – 300 теңге, оқушылар үшін – 200 теңге.