Мақала / #студентСөзі
Айқаймен қарсы алынған сынақ
«Айқай» фильмі Францияның Везуль қаласындағы 30-шы Азия фильмдерінің фестивалінде Бас жүлде, NETPAC және Марк Хаас атындағы арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, басты рөлдегі Орынбек Шаймағанбетов пен Арнұр Акрам арнайы сыйлықты иеленді.
Бөлім: Кино
Датасы: 15.02.2024
Авторы: Әзиза Қуандық
Мақала
Айқаймен қарсы алынған сынақ
«Айқай» фильмі Францияның Везуль қаласындағы 30-шы Азия фильмдерінің фестивалінде Бас жүлде, NETPAC және Марк Хаас атындағы арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, басты рөлдегі Орынбек Шаймағанбетов пен Арнұр Акрам арнайы сыйлықты иеленді.
Бөлім: Кино
Датасы: 15.02.2024
Авторы: Әзиза Қуандық
Айқаймен қарсы алынған сынақ

Фильмнің авторы Кенжебек Шайқақовтың атқарған еңбегінің арқасында әлі күнге дейін зардаптарынан халқымыз толығымен айыға алмаған Семей полигонындағы сынақтар жергілікті тұрғындардың өміріне қалай әсер еткенін барша әлем тануын бастауда.

Оқиға аясында туғанынан мүгедек атанған Мелстің жалғыз басымен ұлын өсіруі баяндалады. Бейненің басталуынан көз алдымызға екі-ақ адамнан тұратын жанұяның тұрмысы көрінеді. Басты кейіпкердің баласының тәрбиесімен, үй шаруасымен айналысуы үшін мүгедектігі ауыртпашылық болмаса, шектеулік емес. Арасында ауруханада тексеріс жүргізіліп, тұрғындардың жағдайлары анықталып тұрады. Дегенмен, кейіпкерлердің өздерінің қандай ортада өмір сүріп, олардан жасырын не боп жатқанынан хабарлары жоқтай. Радиацияның денсаулықтарына кері әсер етуінің білінуі олар үшін үйреншікті жағдай. Мал басының азаюы мен адам өлімінің өсуі де бұл аймаққа тән құбылыс. Бұған себеп сол бір белгісіздіктің болғаны. Кішкентай балалар жүргізіліп жатқан сынақтарды сабақтан босатылып, ойынға берілер мүмкіндік деп қуана қабылдайды.

Жағдайдың қаншалықты ауыр екендігін Эдвард Мунктың «Айқай» кенебін бейнелейтін кейіпкер ғана ұққандай. Фильмнің атауын естігенде де көбінің есіне атап өтілген кескіндеме туындысы түскен шығар. Оның екі трактовкасы бар деседі: ортадағы кейікһпкер қорқыныш сезімін кешіп, үнсіз айқайлағаны немесе қоршаған әлемнің айқайын естігісі келмегеннен құлағын бітегені сипатталған. Фильмде бұл суреттің берілуін сынақтар кезінде адамдардың өмірлері түкке де тұрмағанынан шошынуы деуге келер. Оған қоса, фильмде басым келетін қызыл түсті осы үрейді тудырған жарылыспен, не үкіметпен байланыстыруға болады. Оған дәлел Жалғастың қолынан туған суреттердегі боялған түс жарылыстың, күннің және коммунизмнің белгісінің түсіне шақ екенін ескерсек.

Қызыл түспен қатарлас жүрген жасыл түс - көзге жағымды контраст арқылы экрандағы оқиғаны қабылдатуды жеңілдеткендей. Сондықтан, жасыл түспен басты кейіпкерлердің жандылығы ассоциацияланады. Тағдырларының қиыншылығы олардың шаңырағын құлатпай, керісінше, одан берік қылып, жауапкершіліктен теріс бұрылмауға септігін тигізген секілді.

Жалғас мәселелердің ауқымдылығын толыққанды аңғара алмағанымен де, қасіреттің бәрін кіші жасында-ақ көріп үлгереді. Сонымен бірге, қиындықты қасқая қарсы алып, үйдің берекесін одан әрі кіргізгісі келеді. Сол үшін, оны үнемі мазалай беретін уайым – әкесіне жар табу. Әкесінің қамын ойлағаннан ауылындағылармен әңгіме жүргізіп, досын да ат салысуға шақырады. Досы Самат екеуінің диалогы кезінде абайсызда артық сөздердің шығып кетуі - бұндай жаста өмір сүруге мәжбүр болған екеудің қазіргі орталарынан жырақта болғандары әділеттірек болар ма еді деген ойға салады. Мелс те әділетсіздікке толы кеңістікте адамгершілігін жоғалтпай, алдына түскен осындай ауыртпашылықтармен күресуден жалықпаған. Алайда, полигондағы сынақтардың артынан міндетті түрде келетін өлімге ол қарсы тұра алмас. Туынды оңайға соқпаған тарихи кезеңді шынайылылықпен ұштастырып, құрбандардың жауап ала алмағаны өмірдің ақыр кезеңіндей сезілгеніне жетелегенін бізді де сол жерге тиесілі қылғандай жеткізді.