Мақала / #студентСөзі
«Пикапты іздеумен» туралы
"Пикапты іздеумен" қысқаметрлі фильміне кезекті студенттік пікірі
Бөлім: Кино
Датасы: 17.10.2017
Авторы: Altynai Taizhankulova
Мақала
«Пикапты іздеумен» туралы
"Пикапты іздеумен" қысқаметрлі фильміне кезекті студенттік пікірі
Бөлім: Кино
Датасы: 17.10.2017
Авторы: Altynai Taizhankulova
«Пикапты іздеумен» туралы

Қазан айының 12 жұлдызында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Көзімнің қарасы» мәдени-танымдық клубының аясында ұйымдастырылған режиссер Мәди Балжановтың «Пикапты іздеумен» атты қысқаметрлі фильмінің тұсаукесері өткізілді. Фильмнің тұсау кесерінің алғашқы көрермені болу құрметіне Өнертану факультетінің 1-4 курс студенттері ие болды. Кездесудің алғашында барлығы фильмді бастан-аяғына дейін тамашалап, соңында өздерінің ойында қалыптасқан фильмнен қалған әсерлерімен бөлісе отырып, режиссерге деген өз сұрақтарын қоя бастады. Фильмге жалпылама тоқтала кетсем, «Пикапты іздеумен» фильмі барлығы 2 нұсқадан тұрады. Бірінші нұсқасында қарапайым жігіттің өмірінде орын алып жатқан оқиғасын көрсетеді. Ол өте ұялшақ болады және соның салдарынан ешқандай қызбен таныса алмайды. Бірақ соңында барлығын тастап, ешкімге де қарамай тек өзінің бір ғана жолымен жүріп кете береді. Ал, екінші нұсқада – сол баяғы іс-қимылдар тек сөздер мен дыбыстар ғана өзгертілген. Міне, фильмнің ең қызық тұсыда осы болған сияқты. Себебі, көрермен не болатынын біліп отырады, бірақ не айтылатынынан бейхабар болады. Ал, қызықты дауыстарды естігенде жүздеріне күлкі үйіріліп, фильмнің басқаша тұсынан хабардар болады. Фильмнің айтар ойы біріне анық жетсе, ал біреуіне түсініксіз болып қалғаны анық. Оны біз залда отырған көрермендердің сұрағынан байқаған болатынбыз. Қысқаметрлі фильмде жалпы айтқанда берілген ой аяқсыз қалып жатады, оның себебі соңғы шешімді көрерменнің еншісіне қалдырады. Мәди Балжановта өз фильмінде соңғы пікірді көрерменнің еншісіне қалдырған.

«Пикапты іздеумен» фильмі аз уақыт ішінде-ақ өз көрерменін тауып үлгерді деп санаймын. Себебі қазіргі қоғамдағы ұялшақ жігіттердің бейнесін үлкен еңбекпен жеткізе алған. Режиссер барынша тырысып, өз еңбегінің сапалы болып шығуына ат салысқан. Фильмді түсіру барысындағы қызықты ақпараттарға тоқталғым келіп отыр: 1) фильмде арнайы түсіру тобы болмады, тек режиссер Мәди Балжанов қана 3 ай көлемінде түсіріп шықты; 2) Ал, актерлар болса қарапайым өмірдегі адамдар болды (әрине бұл фильмді шынайы жеткізудін бір әдісі деп ойлаймын. «Пикапты іздеумен» фильмі Мәди Балжановтың 8-ші туындысы болғандықтан жаңа ізденістер мен жаңа ойлар қалыптасқан фильмі деп есептейміз. Мәди Балжанов өз мамандығы болмаса да үлкен еңбектің арқасында киноға келіп, осындай тың дүниелерді жарыққа шығарып жатыр. Міне бұл да қазіргі жастардың киноға деген қызығушылығын білдіреді. Қазақ киносының біртіндеп дамып келе жатқанының айғағы. Оның ішінде көп жастар қысқаметрлі фильмдерді түсіруді қолдарына алып жатады...

Қысқаметрлі фильм бұл – аз уақыт ішінде көрерменге үлкен бір ойды жеткізуге берілген мүмкіндік деп қарастырсақ, Мәди Балжанов осы мүмкіндікті қалт жібермей жеткізе алды деп есептеймін. Алдағы уақытқа режиссерге шығармашылық табыс тілей отырып, фильмдерінің санынын артуына тілектесеміз.