Мақала / #студентСөзі
Архитектор режиссер...
"Пикапты іздеумен" қысқаметрлі фильміне студенттік пікір
Бөлім: Кино
Датасы: 17.10.2017
Авторы: Гүлмира Әбен
Мақала
Архитектор режиссер...
"Пикапты іздеумен" қысқаметрлі фильміне студенттік пікір
Бөлім: Кино
Датасы: 17.10.2017
Авторы: Гүлмира Әбен
Архитектор режиссер...

Режиссер Мәди Балжанов айтқандай фильмнің негізгі идеясы – қазіргі таңда жастардың бойында жиі кездесетін өзіне деген сенімсіздіктің басымдылығы. Картинаға қандай жағдайда болмасын, қысылып қымтырылудан арылуға әрекеттенген көрініс негіз болған. Ең бастысы өзіңді қалыптастыру үшін бойыңдағы кемшіліктермен күресіп ілгері талпына білу керек екенін айқын бейнелеуге тырысқан. Бірінші фильмде «Жүк тиейтін көлікті іздеу» тақырыбын жастар тілімен бұрмалап, қыздармен тіл табысудың амалын көздеді. Ал екінші фильмде тақырыптың тура мағынасында бір ғана адамның дауыс ырғағы мен астарлы әзілмен өңделді. Атап өткендей, киноға негізгі жан берген сценарийден кейінгі «дыбыстың» көмегі. Режиссердің сегізінші туындысы саналатын фильмнің айтар ойы жақсы болғанымен, көңілімнен шықпаған тұстары да болды. Актерлық құрам мен операторлық өнердің және дыбыстың әсері бірінші нұсқадағы фильмді толық аша алды деп айта аламыз ба? Менің пікірімше, салыстырмалы түрде жасалған еңбектің басқа да міндеттері ақсандап тұр. Нақтырақ, актерлық ойынға келер болсақ. Әр кейіпкер өз бейнесін ашу мақсатында аса бір шеберлік таныта қоймады. Себебін әуесқойлықпен түсірілген бұл фильмде нағыз актердың бой көрсетпеуімен негіздеуге болады. Оператор екі кейіпкердің қарым - қатынасы арқылы бір-бірінің ойын сөзбен емес тікелей монтаждау әдісімен көрсетуге тырысқан. Ол біріншіге қарағанда екінші нұсқада сәтті шықты. Өйткені, бірінші нұсқада оқиға ешқандай әзілсіз, астарлы мәтінсіз өрбіді. Демек, айтылған ой мен іс-әрекет бір-біріне сәйкес келмеді. Шынайы өмірде осындай оқиғаға тап болуыңыз да екі талай. Режиссер архитектура мамандығын тәмамдаған болса да, фильмде жылжымайтын әсем ғимараттардың сұлу кадрларын көрсетпеді... Мәди Балжанов өз сөзінде кәсіби режиссер болмағандықтан практикаға баса назар аударатынын атап өтті. Ал теорияның маңызы қайда жатыр? Сондай-ақ қысқаметрлі фильмдерде соңғы шешімді көрерменнің өз түйсігіне қалдыратыны баршамызға белгілі. Бұл фильм де дәл сондай шешімдер қатарынан. Бірақ, оқиғаның аяқсыз қалғандай әсер қалдыруының бірден бір себебіне титрдың жоқтығын жатқызуға болады. Режиссер титр жайлы сұрағымызға жұмыстың асығыс жасалғанымен және топтық жұмыстың барлық міндетін жалғыз өзі атқарғанымен жауап қатты. Асығыс түсірілген туындыға қарап отыра режиссер үшін фильмнің сапасы емес саны маңыздырақ екені ме деген ой туындайды. Дегенмен, қателіктердің арқасында шыңдалатынымызды да ұмытпаған жөн. Көш жүре түзеледі дегенді ескере отырып, режиссер шығармашылығынан зор үміт күтеміз.

Кездесу соңында режиссер болашаққа құрған жоспарымен қысқаша бөлісті. Оның алғашқы толықметрлі фильмі фантастика жанрымен байланысты болмақ. Өткен күннің зауалы «Полигон» тақырыбын қозғауға ниетті.