Мақала / #студентСөзі
Фариза Танаевамен сұхбат
Сценариді кез-келген адам өзінің не өзгенің өмірін алып құрай салу мүмкін. Алайда, оны шебер түсіре білу – үлкен өнер. Режиссерлердің 18 минутқа өздерінің көзқарастарын, ойын, мақсатын сыйғыза алуы да талант
Бөлім: Кино
Датасы: 24.10.2017
Авторы: Ұлдана Мырзақұл
Мақала
Фариза Танаевамен сұхбат
Сценариді кез-келген адам өзінің не өзгенің өмірін алып құрай салу мүмкін. Алайда, оны шебер түсіре білу – үлкен өнер. Режиссерлердің 18 минутқа өздерінің көзқарастарын, ойын, мақсатын сыйғыза алуы да талант
Бөлім: Кино
Датасы: 24.10.2017
Авторы: Ұлдана Мырзақұл
Фариза Танаевамен сұхбат

«Қазақфильм» киностудиясының құрамындағы «Дебют» шығармашылық бірлестігінің жас режиссерларға қолдау көрсетуі арқасында 2015 жылы жеті бірдей қысқаметражды фильм түсірілді. Фильм авторларының барлығы дерлік Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері. Сан жағынан да, сапа жағынан да ауыз толтырып айтуға тұрарлық жаңа туындылардың нәтижесі де жаман емес. Сценарийді кез-келген адам өзінің не өзгенің өмірін алып құрай салу мүмкін. Алайда оны шебер түсіре білу – үлкен өнер. Режиссерлардың 18 минутқа өздерінің көзқарастарын, ойын, мақсатын сыйғыза алуы да талант.Жас авторлардың қысқаметражды фильмдеріндегі қозғайтын тақырыптары қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер. Фариза Танаеваның «Әке» атты фильмі өмірде жиі кездесетін мәселелердің бірі - бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас жайлы. Актерлары да қарапайым, өз рольдерін жақсы алып шыққан.

Т.Жүргенов академиясының студенті болғандықтан, бұл алғашқы фильміңіз емес шығар? Бұған дейінгі курстық фильмдеріңізді айтып өтсеңіз?

Бұл менің дипломдық жұмысым болып есептелінеді 5-курста түсірілген. Бұған дейін осы Т. Жүргенов өнер академиясында оқып жүргенде түсірген курстық жұмыстарым бар, фестивальдарға қатысып жүрген «Билет в Америку» 3-курста түсірген жұмысым осы Ж.Дидарбаев қатысты жақында. Одан кейін 4-курста New York Film академиясында 1 семестр оқып келдім, сол кезде түсірген жұмысым « Бумеранг» атты фильмім қазір жетелдерде 5-6 мемлекетте фестивальдерге қатысып жатыр, әліде басқада мемлекеттерге жіберіп жатырмын. Атап айтар болсам Нью-Иоркте, Иран, Иракта және Мексикада. Ал «Әке» атты қысқаметражды фильмім осы 5 жыл бойы алған білімімді жинақтап түсірген жұмыстардың арасындағы неғұрлым ауыр фильмім осы болды.

«Дебют» студиясынын жарияланған өндірістік байқауға қалай келдіңіз?

Негізі дипломдық жұмысымның сценарийін 4-курстан бастап ойлап жүрген болатынмын, содан кейін осы жазда Дәрежан Өмірбаев ағайға бардым « Қадам» студиясына сол кезде білдім осындай конкурс жарияланып жатқанын, содан кейін сұрадым Дәрежан ағайдан « болама қатысуға»-деп. Дәрежан ағай айтты « сценарийің бар ма?» деп. Ол кезде жаңадан жазып жатқан болатынмын. «сценариім бар, ойым бар»-дедім. «Онда сценарийді алып кел»-деді. Мен сценарийімді соңына дейін жазып бітіріп Дәрежан ағайға алып бардым. Дәрежан ағай сценарийімді оқып шығып өз пікірін таға қосымша айтты. Содан сол кісінің айтуынша сценариймен біраз уақыт жұмыс жасадым. «Дегенмен бул конкурсқа болмайды, тағы толықтыру керек. Келесі жылы бағыңды сынап көр»-дегендей болды. Бірақ мен болды енді қатыспаймын деп шешім қабылдаған болатынмын. Бір күні Дәрежан Фариза сценарийің дайын болдыма?»-деп. Мен ол кезде сырт жақта семкада жүрген болатынмын. Бірден Алматыға келіп, сценарийімді Дәрежан ағайға өткізіп, ол кісі ары қарай Анна Рекеевнаға, продюссерлерге, одан «Қазақ фильмге» жалпы сценарийім солай өтті.

Әке фильмінде қозғалатын тақырып өзектілігі туралы не айтасыз?

Бұл фильмде біріншіден адамдардың әлсіздігі байқалады, ал екіншіден сол әлсіздіктің кесірінен отбасын жоғалтып жатқандар көп. Тіпті бағалы балаларында ұмытып кетіп жатады. Мен бұны қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі деп санаймын. Көрермендер алты жастағы Аминаның бастан кешкен жағдайын көріп, оған аянышты көзбен қарайды. Сондай-ақ екі әлемде өмір сүріп жатқан кейіпкерлерді бір отбасына тоғыстырғанда, яғни біреуі діни тұлға, екіншісі діннен хабары жоқ қарапайым адам деп алсақ болады. Осы шынайы өмірде болып жатқан қақтығысты көрсетуге тырыстым.

Фильмді түсіру барысындағы шығармашылықтобыңыз ізденістері туралы айтып өтсеңіз? Қандай қиыншылықтар болды? Қандаймүмкіндіктер ашылды? Түсіру тобыңыз туралы толығырақ айтып өтсеңіз. Актерменжұмыс жасау қиын болған жоқ па?

Актерлер жағынан бізде 5 жастағы қыз түсті басты рольде. Кастиң жасаған кезде түсірілім тобына басқа қызды алған болатынбыз, бір апта қалған кезде ол қызды кейбір себептермен түсірмеітін болып шештік. Тез арада басқа қызды іздеу керек болды, сол кезде осы Нұрсаяны (өзара Моника деп айтамыз) осы қызды байқап көрдік, өте қызуқанды, сомдайтын роліне сай болып шықты. Бірақ мінезі жағынан жұмыс жасау аздап қиындық тудырды, айтқанды тыңдамайды. Содан кейін, біз білдік түсірілім алаңында бұл қызбен жұмыс істеу қиын болатынын. Бізде уақыт аз болғандықтан, «жарайды» - деп түсірілімді бастадық. Түсірілім кезінде ол қызбен біраз жұмыс істедік, жұбаттық, алдадық. Дегенмен, біз Мониканы фильмге түсіруді жөн көрдік. Актерлермен жұмыс жасау барысында тек осы Моникамен ғана жұмыс істеу қиын болды. Ал Рүстем Жанаманов, Нұргүл Мыңғатова - ол кісілермен жұмыс істеу өте оңай болды, актерлік жағынан. Кішкентай қызбен жұмыс істеу қиын болды, тағы айта кетейін. Дегенмен қызық. (күлді)

Бүгінгі таңдағы қазақ киносындағы жас режиссерладың қозғап жүрген тақырыптары төңірегінде қандай ойларыңыз бар? Жалпы, біздің жас кинематографистердің ізденістері қай бағытта? Сіз өзіңізді қай бағытта ізденіп жүрмін деп ойлайсыз? Қандай тақырыптар мазалайды?

Негізі мен ойлаймын барлығы өмірде болып жатқан, өзіміздің көріп жүрген тақырыптар мені көбірек қызықтырады. Бір фантазия немесе экшн деген сияқты нәрселер емес. Мысалға көбінесе драма бағытында. Содан кейін мен Дәрежан ағайдың киноларына өте қатты қызығамы. Содан сол Дәрежан ағайдың киноларын көріп, өзіме рухани азық аламын кино жағынан. «Әке» фильмін түсірген кезде мен Дәрежан ағаның киноларын көп көріге тырыстым. Қазіргі жас кинематографистердің алсақ мысалға осы жеті дебют болды. Осы жеті дебютта маған ұнағаны әрқайсысының өзінің бір бағыты бар, әрқайсысының өзінің қорғаған тақырыптары бар. Сол себепті қазіргі жастардың айтатын ой бар деп ойлаймын мен. Мысалға Әділхан Ержановты алсақ, оның да қозғап жатқан әлеуметтік тақырыптары өте маңызы бар нәрселер. Солсебепті, жастардың айтар ойы бар деп айта аламын.

Фильміңіздің экрандық ғұмыры ұзақ болсын!Алдағы уақытта осы туындыңызды фестивальдер мен байқауларға жіберугеталпыныстарыңыз бар ма?

Ия, әрине қазір Канн кинофестивалінің «Cinefondation» бағдарламасына жібердім. Білетіндей Канндағы фестивальге тек ең бірінші болып, яғни басқа фестивальдерге жібермей бірінші болып қабылдайтын болғандықтан осыған жібердім. Енді алдағы уақытта осының жауабын күтем. Содан кейін ары қарай құдай қаласа басқа да фестивальдерге жібере бастаймын.