Мақала
«Көзімнің қарасында» аға буын аниматорлармен кездесу өтті
Қазақ анимациясының 50 жылдығына орай "Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен аға-буын аниматорлармен кездесу ұйымдастырды.
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 22.11.2017
Авторы: Шыңғыс Маман
Мақала
«Көзімнің қарасында» аға буын аниматорлармен кездесу өтті
Қазақ анимациясының 50 жылдығына орай "Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен аға-буын аниматорлармен кездесу ұйымдастырды.
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 22.11.2017
Авторы: Шыңғыс Маман
«Көзімнің қарасында» аға буын аниматорлармен кездесу өтті

22 қараша күні, Т.Жүргенов
атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының кинозалында, Қазақ анимациясының 50
жылдығына байланысты анимацияның аға-буын өкілдері «Көзімнің қарасы»
мәдени-танымдық клубында бас қосты.

Белгілі аниматорлар,
суретшілер, анимация режиссерлері мен сценарист Маргарита Соловьева кездесуге
келген қонақтарға анимация шығармашылық процесінің сырымен бөлісті.

 

Кездесуді "Қазақфильм" АҚ, анимация бөлімінің редакторы Салтанат Еркін
жүргізді.

Салтанат Еркін

Ең алғаш сөз кезегін алған Любовь Радионова анимацияның жасалу жолдары
туралы арнайы суреттер мен қуыршақтарын алып келіп әңгімелеп берді.

Любовь Радионова

Советтік кезеңде туған қазақ
анимациясының атасы болған Әмен Қайдаров «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
мультфильмін жасау үшін Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмінің бюджетінен
артылған ақшаны іске асырған екен. Бұндай деректерді анимация режиссері Жәкен
Дәненов майын тамызып баяндап берді.

Жәкен Дәненов

Маргарита Соловьева өзінің
анимация сценарийсті болып қалыптасу жолындағы қызықты жайттарды әңгімеледі.

Маргарита Соловьева

Анимациямен есімі қатар
естілетін сурет өнерінің белді өкілі Ирк Молдабеков те өз ісінің қызығы мен
қиыншылығын тілге тиек етті.

Ирк Молдабеков

Қоюшы-суретші Малик
Мұхаметкаримов пен  режиссер Рамиль Усматовтар жұмыс істеу тәртібінің кеңес кезеңі мен
тәуелсіздік уақытындағы айырмашылығын кеңінен түсіндірді. Анимацияға деген
көрермендер мен билік өкілдерінің қатынасы туралы да сөз етті.

Малик Мұхаметкаримов

 

Анимацияның жас буын
өкілдерінің атынан сөз алған Адай Әбілда жақында жарыққа шығатын толықметражды «Күлтегін»
анимациялық фильмінің трейлерін көрсетіп қуантты. Кездесуге келген аниматор мамандығында
оқитын студенттерін өзінің жұмыс орнына тәжірбие алуға шақырды.

Адай Әбділда

Іштегі шерлерлерін тарқатып,
сағынысып қалған анимация өкілдері мен көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алған кездесу қонақтары топтық суретке
түсіп тарады.  

Сізге қызық болуы мүмкін:
Кино – бұл өмірдің көзі
Кино Кино – бұл өмірдің көзі
02.11.2017
#студентСөзі