Мақала
Саян шерткен сындарлы сыр, сырлы күй
"Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубының кезекті кездесуі күйші, қобызшы, "Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі" антологиясының құрастырушысы, "Қобыз күйлері" және "Домбыра күйлері" жинақтарының авторы Саян Ақмолдамен өтті.
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 20.01.2017
Авторы: Шыңғыс Маман
Мақала
Саян шерткен сындарлы сыр, сырлы күй
"Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубының кезекті кездесуі күйші, қобызшы, "Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі" антологиясының құрастырушысы, "Қобыз күйлері" және "Домбыра күйлері" жинақтарының авторы Саян Ақмолдамен өтті.
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 20.01.2017
Авторы: Шыңғыс Маман
Саян шерткен сындарлы сыр, сырлы күй
19 қаңтар күні Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында күйші, қобызшы, А.Жұбанов атындағы саз мектебінің ұстазы Саян Ақмолдамен кездесу өтті. Клубтың бұл жолғы кездесуіне Рамазан Стамғазиев бастаған «Дәстүрлі ән» кафедрасының ұстаздары мен студенттері және А.Жұбанов атындағы саз мектебінің оқушылары мен ұстаздары қонақ болды. Кездесу өте еркін форматта өрбіді.

Саян Ақмолда
Саян Ақмолда бала кезінен бастап дәстүрлі күй өнеріне қанығып өскенін қызықты етіп баяндай отырып, шертпе күйдің тарихы туралы кеңінен әңгіме қозғады. Күй өнерін бүгінгі күнге жеткізген күйшілердің тағдыры мен мінездері туралы айтқандары кездесуге келген қонақтардың әрқайсысына ерекше әсер етті. Саян Ақмолда өзінің ұстазы күйші, қобызшы Смағұл Үмбетбаевтың шығармашылығы туралы да тілге тиек етті. Қонақтар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, бірнеше күй орындауын сұрады.

Кездесу қонақтары
Күйші әңгіме арасында орындайтын күйінің тарихын баяндап, қонақтарды күйге бөлеп отырды. Саян Ақмолда жоғалып бара жатқан күйлерді жинағанын, есімі белгісіз көптеген шебер күйшілерді қалай тапқанын қызықты етіп баяндап берді. Дәстүрлі өнеріміздің архивтегі сақталып қалған жәдігерлерін жарыққа шығару жөнінде сөз қозғады. Архивтегі көптеген тұлғалардың сақталып қалған жазбаларын тауып, қәзіргі цифрлық технологияға көшірілуіне ықпал жасап жүрген Саян Ақмолда болашақта күйлерін жинақтап, архивке өткізуін дәстүрлі өнер жолындағыларға құлаққағыс жасады.

Смағұл Әсен. С.Ақмолда шәкірті
Кездесу соңында Саян Ақмолданың шәкірті, өзі ұстаздық етіп жүрген А.Жұбанов мектебінің 11-сынып оқушысы Смағұл Әсеннің қобызбен орындауында, Ықыластың күйі "Айрауықтың ащы күйімен" аяқталды.
Қонақтар мен клуб мүшелері әдеттегідей фотосуретке түсіп, тарихқа тағы бір із түсіріп тарасты.