Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі киноөндіріс саласында халықаралық байланыстарды дамытып, ынтымақтастықтың тиімді механизмдерін жолға қоюды көздейді. Ауқымды мәдени шара аясында шығармашылық кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, шеберлік дәрістер ұйымдыстырылып, оған әлемдік кинематография саласында өз орны бар талант иелері қатысады. ХКФ конкурстық бағдарламасы үш жеке бөлімнен тұрады. Оларға Шәкен Аймановтың картиналарының атаулары берілген. Мысалы «Тоғысу» бөлімінде көрермен дүниежүзіне танымал толықметражды картиналарды көріп, тамашалай алады. «Атамекен»-бұл түркі халықтары фильмдерінің байқауы, ал «Біз осында тұрамыз» бөлімінде қазақстандық киноленталар қаралып, үздік туындыларға ҚР кинематографистер Одағының «Құлагер» ұлттық премиясы беріледі.
Көрермендерге арналған конкурстан тыс бағдарламаның да ауқымы кең. Онда дүниежүзіне танымал классикалық киноленталардан бастап ірі халықаралық кинофестивальдардың жүлдегерлеріне дейін кездеседі. Сонымен қатар, қазақстандық және шетелдік киномайталмандардың қатысуымен олардың ретроспективасы көрсетілмекші.
Баспасөз-мәслихатына КСРО халық әртісі, фестиваль президенті Асанәлі ӘШІМОВ, фестивальдің бас директоры, кинорежиссер, ҚР кинематографистер Одағының төрағасы Ермек ТҰРСЫНОВ, кинофестивальдің арт-директоры Диана АШИМОВА және таңдау комиссиясының төрағасы, киносыншы Олег БОРЕЦКИЙ қатысады.
Баспасөз орталығына кіру тек журналисттік құжат арқылы жүргізіледі. Тіркелу үшін байланыстар: телефон(+7-727) 250 35 28, e-mail: press2@interfax.kz