Festival International des Cinemas d'Asie de Vesoul - бұл Еуропаға Азия киносын ұсыну және ілгерілету мақсатында жасалған көрсетілімдер. Ержановтың картинасы конкурстан тыс көрсетілді және Франция кинотеатрлары иелерінің қазылар алқасынан марапатқа ие болды.
Отандық көрерменнің бүгінгі күнге осы жүлдегер фильмді көруге барлық мүмкіндіктері бар - қазіргі уақытта "Қап-қара адам" елімізде кең проката жүруде және оны Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көруге болады.
- Жүлде Франция кинотеатрларының иелерінен келгеніне өте қуаныштымын. Фильм конкурстан тыс көрсетілсе де осы сыйлыққа ие болып отыр - бұл өте маңызды. Біздің көрермен де кинотеатрларға барады деп үміттенемін. Оның үстіне, фильм қазір біздің прокатта жүріп жатыр. Көруге асығыңыздар! – деп Әділхан Ержанов өз әсерімен бөлісті.
Ержановтың картинасы Arizona Productions (Франция) қатысуымен Short Brothers (Қазақстан) компаниясымен түсірілген. Бұл драмалық триллер істі тез арада жапқысы келетін тергеуші Бекзаттың (актер Данияр Алшинов) оқиғасын баяндайды , себебі кінәліні – зиянсыз ақымақ Пукуарды (Теоман Хос) жергілікті полицейлер тауып қойған. Алайда іске қаланың журналисі Ариана (Динара Бақтыбаева) араласқанда, бәрі өзгереді. Енді тергеушіге осы істі өмірінде бірінші рет барлық ережелер бойынша жүргізуге тура келеді.
"Қап-қара адам" фильмінің әлемдік премьерасы 2019 жылы 23 қыркүйекте Испанияда өтті. Картина Сан-Себастьяндағы 67-Халықаралық кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасы аясында көрсетілді. San Sebastian International Film Festival - әлемдегі ең көне "А" класты кинофестивальдердің бірі (Канн, Берлин және Венециямен қатар). 2019 жылдың қараша айында Әділхан Ержанов "Қап-қара адам" фильміндегі өз жұмысы үшін "Үздік режиссер" номинациясында "Asia Pacific Screen Awards -2019" (Азиялық "Оскар") сыйлығына ие болды. Ол осы номинацияға ие болған алғашқы қазақстандық режиссер.