Жаңалықтар

Алматыда Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған кеш өтеді
Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, біртуар актриса – Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтеді.
13.03.2019

Мәскеуде «Алпысыншы-жылғылар. Түркі романтизмі» көрмесі ашылды
2019 жылдың 5 наурызында Ресей Көркемсурет академиясының музейлік-көрме кешенінде, Мәскеудегі Зураб Церетелидің өнер галереясында Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің (Алматы, Қазақстан) «Алпысыншы-жылғылар. Түркі романтизмі» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
13.03.2019

Алматыда «Бұғылар жолы» атты фотокөрме ашылады
2019 жылдың 14 наурызында сағ. 16.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Алматыдағы Мажарстан Бас Консулдығымен бірлесе отырып «Бұғылар жолы» атты фотокөрмесін ашады.
12.03.2019

Актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» факультеті, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен актриса Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.
06.03.2019

Астанада Қондыбайтану оқулары аясында II Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді
Маңғыстау облысының әкімдігі мен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті 2019 жылдың 28 мамырында дәстүрлі өткізіліп келе жатқан Қондыбайтану оқулары аясында «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» тақырыбына II халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
02.03.2019

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының иегерлері анықталды
28-ақпан Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының 2018 жыл бойынша ғылым, мәдениет және өнер саласында еңбек етіп жүрген ғалым-мамандарға Сыйлық тағайындау шарасы өткізілді. Қазақстанның жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық ғылымдарын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген ғалымдармен қатар, музыканттар және әртістер салтанатты түрде марапатталды.
02.03.2019

Алматыда Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл толуына орай шара өтті
Биыл қазақ өнерінің кемеңгер тұлғасы, майталман актер, ұлы режиссер, КСРО Халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 105 жыл.
01.03.2019

Әмина Өмірзақованың 100 жылдығы қарсаңында «Тақиялы періште» фильмінің көрсетілімі болды
Қазақстанның халық әртісі, кино және театр актрисасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көптеген сомдаған рольдерімен көрермен көзайымы болған Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына орай «Тақиялы періште» фильмінің көрсетілімі болды.
28.02.2019

9-Республикалық Күләш Байсеитова атындағы вокалистер байқауы өтеді
П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен 2019 жылдың 1-4 наурызы аралығында 9-Республикалық Күләш Байсеитова атындағы вокалистер байқауын өткізеді.
28.02.2019

Жанат Көшеннің «Ғасырлар аралығындағы диалог» атты жеке көрмесі ашылады
2019 ж. 1 наурызда сағат 16.00-де ҚР Суретшілер одағының мүшесі Жанат Көшеннің «Ғасырлар аралығындағы диалог» атты жеке көрмесі ашылады. Көрмеге суретшінің 50-ден астам кескіндемелік және графикалық туындылары қойылады.
23.02.2019