Жаңалықтар

Алматыда VII "Бастау" ХКФ басталды
Бүгін, Алматыда VII «Бастау» студенттік фильмдер мен киномектептер Халықаралық кинофестивалінің ашылуына байланысты баспасөз отырысы өтті. Аталған фестиваль қарашаның 5-і мен 8-і аралығында өтеді.
05.11.2018

Алматыда XIV Халықаралық Шәкен Айманов Кинофестивалі өтеді
Алматы қаласында 2018 жылдың 17-21 қараша аралығында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов Кинофестивалі өтеді. Өзіндік тарихы бар бұл шара бүгінде елдің мәдени өміріндегі елеулі оқиғаға айналғалы отыр.
03.11.2018

Жезқазғанға көктем келді
Күз мезгілінің соңғы айлары театр сүйер қауым үшін үлкен мереке. Қоңыр күзде өнерді бағалайтын көрермендердің көңіліне көктем сыйлайтын театр фестивальдері биыл ерекше қарқынмен еліміздің әр аймақтарында жоғарғы деңгейде өткізіліп жатыр. Солардың бірі, күздің қара суығын сездірмей, Жезқазғанды жылытып жатқан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Тарлан" сыйлығының лауреаты, режиссер Жанат Хаджиев атындағы Халықаралық театр фестивалі.
02.11.2018

Алматыда Жапон мәдениеті күні өтеді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі 2018 ж. 3 қараша күні 14.00 - 18.00-де Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігі, Қазақ-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы, «Нархоз» университеті, Қазақстандағы жапон бизнесмендер ассоциациясы, Қазақстандағы жапон ассоциациясы, Теракойя ұйымы және Қазақ-Жапон Жібек Жолы ассоциациясымен бірлесіп дәстүрлі «Жапон мәдениеті күні» Фестивалін өткізеді.
02.11.2018

Қазақстанның Халық артисі Төлепберген Әбдірашевты еске алу фестивалі өтеді
«ПОСВЯЩЕНИЕ МАЭСТРО» - дирижер, көрнекті музыкант, еңбек сіңірген тәлімгер-ұстаз, Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «ХХ ғасыр адамы», профессор - Төлепберген Әбдірашевты еске алу фестивалі.
01.11.2018

«Асыл мұра» фотоконкурсының жеңімпаздары анықталды
ҚР Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырған «Асыл мұра» фотоконкурсының қорытындысы шығарылды.
26.10.2018

З.Қожамқұлов пен А.Мұратбаев туындыларының "Біз замандастарыңызбыз" атты көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейінде ARTSPACEkz көркем өнер галереясының авторлық стилистикасы жағынан әрқилы екі суретшісі - Зульхайнар Қожамқұлов пен Абдуахат Мұратбаев туындыларының «Біз замандастарыңызбыз!» атты көрмесі ашылды.
24.10.2018

"Саташ" вестерні прокатқа шығады
2018 жылдың 1 қарашасынан бастап, вестерн жанрында түсірілген «Саташ» фильмі отандық прокатқа шығады. Фильмнің режиссері – режиссер, сценарист және журналист Төлеген Байтөкенов.
23.10.2018

Орыс балетінің 200-жылдығына арналған “Мәңгілік бірге” атты көрме ашылады
2018 жылдың 1 қараша күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде сағат 16.00-де баспасөз туры, және 17.00-де орыс балетінің 200-жылдығына арналған «Мәңгілік бірге» Екінші халықаралық авторлық интерьерлік қуыршақтар көрмесінің ашылуы өтеді.
22.10.2018

«Әміре» фильмі Голливуд кинофестивалінде Silver Screen Award жүлдесіне ие болды
Лос-Анджелес қаласында қазанның 23-і мен 28-і аралығында өтетін халықаралық Hollywood Film Festival кинофестивалінің бірінші кезеңінде «Әміре» фильмі Silver Screen Award жүлдесіне ие болды.
22.10.2018