Фестиваль ұйымдастырушылардың айтуынша "ПлатформА" шығармашылық жобаларды іске асыру үшін арналған алаң: эксперименттер, зерттеулер, қазіргі заманғы өнер көрмелері өткізілетін орын.
«Әр түрлі өнер тоғысында пайда болған шығармашылық ойларды қолдау үшін осы жоба құрылды. Сондықтан, біз кинодан бастауды жөн көрдік, өйткені ол ең синтетикалы және синергетикалық өнер түрі. Фестиваль тамырын тереңге жайып, жылдан жылға өзгеріп, дамып отырады деп үміттенеміз. Қазіргі кезде оның өткізілу аумағы тек Астана қаласы ғана, дегенмен, уақыт өте үлкен жобаға айналатынына сенеміз», ‒ дейді жоба жетекшісі, өнертанушы Айгүл Ибраева.
Фестиваль демеушілердің көмегісіз белсенділердің күшімен құрылғанына қарамастан (сол себепті көрсетілімдер ақылы болады), оның негізгі форматы - сайыс. Бағдарлама бойынша 23 фильм қатысады. Ең үздік жұмысты таңдау үшін қазылар алқасы тағайындалды. Оның құрамында Қазақстан киносыншылары қауымдастығының мүшесі Александр Поршнев, суретші, куратор-өнертанушы Айгерим Мажитхан және куратор-өнертанушы Ольга Скальчук (Ресей) болады.
Көрсетілімдер мен талқылаулар "Москва" Бизнес Орталығында (Достық даңғылы, 18). 2-қабат, 212 ауд. өтеді.
Байланыс телефондары:
Айгүл Ибраева +7 701 999 68 89