Көрсетілім барысында ұсынылатын фильмдер:
«Қазақстан табиғаты: Хангүл соңынан» (10 желтоқсан, 16:00)
«Ерекше мекен. Qyzylorda» (11 желтоқсан, 16:00)
«Қазақстан табиғаты: Түлпандар атамекені» (12 желтоқсан, 18.00)
«Қазақстан табиғаты: «Алатау» (13 желтоқсан, 18.00)
«Қазақстанның түркі халықтары» циклынан «Құтыда жанған алау» (14 желтоқсан, 18.00)
Фильмдер аннотациясы:
«Қазақстан табиғаты: Хангүл соңынан»: Фильмнің бас кейіпкері – Тоғай кермаралы (немесе бұхар бұғысы) шөлді аймақтарды мекендейтін асыл тұқымды бұғылардың түршесі. Метрге жуық мүйізіндегі өсіндісіне байланысты Шығыста оны «хангүл», ал Батысеуропа мәдениетінде – «хан гүлі» деп атайды.
Сценарий авторы – В.Чернов
Режиссері – В.Чернов
«Ерекше мекен. Qyzylorda»: Фильм әлемге танымал нысан – Байқоңыр ғарыш айлағына арналған. Неге бұл нысан дәл осы жерде құрылған және бұған не себеп? Жас астрофизик Байқоңырдың өткені, бүгіні және келешегі жайында сөз етеді.
Сценарий авторы – А.Мәзібаева
Режиссері – А.Каменский
«Қазақстан табиғаты: Түлпандар атамекені»: Деректі фильмде автор әлемдегі ең танымал және сүйікті гүлдердің бірі – түлпан жайлы әңгімелейді. Фильм жер бетіне адамнан 20 миллион жыл бұрын пайда болған гүл туралы.
Сценарий авторы – О.Белялов
Режиссері – О.Белялов
«Қазақстанның табиғаты: «Алатау»: Деректі фильм Жетісудың маржаны - «Алатауға» арналады. Тянь-Шань тауын қазақ Алатау деп атаған. Жетісу – Қазақстанның ең көркем мекендерінің бірі. Оның алуан түрлі географиялық аймақтарын көру үшін картаға үңілсеңіз болғаны. Жетісудың оңтүстігінде Тянь-Шань таулары, солтүстігінде – Балқаш көлі.
Сценарий авторы – О.Белялов
Режиссері – О.Белялов
«Қазақстанның түркі халықтары» циклынан «Құтыда жанған алау»: Фильмнің мақсаты түркі халықтарын байланыстыратын – тіл, тарих, мәдениет
туралы сөз ету. Фильм ескі заманнан, күні бүгінге дейін нені сақтап, нені жоғалттық деген сауалға жауап іздейді.
Сценарий авторлары – Б.Қайырбеков, А.Черендинова
Режиссері – Б.Қайырбеков