Іс-шараға: сценарий авторы Дулат Исабеков, режиссері Нұргелді Садығұлов, операторы Ренат Қосай, продюсері Сәбит Әбдіхалықов, актерлер: Альбина Шардарова, Сафуан Шаймерденов, және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы облысының Жалаңаш және Кеген ауылдарында өткен. Көпшілік сахналарға үш жүзден астам адам қатысқан. Сондай-ақ, түсірілімдер Павлодар қаласында және Бурабай курортты аймағында өткен.
Фильм прокатқа 2019 жылдың басында шығады деп жоспарлануда.
Картинаның режиссері Нұргелді Садығұлов баспасөз отырысында былай деді: «Мен үшін маңыздысы жас ұрпақты Балуан Шолақтың тұлғасымен таныстыру және ол өмір сүрген тарихи кезеңді көрсету. Фильмнің қалай шыққанын экран көрсетеді. Түсірілім тобымен өте жақсы жұмыс жасадық. Әсіресе актерлерді – Балуан Шолақты сомдаған Еркебұлан Дайыровты, Ақылбайды ойнаған Медғат Өмірәлиевті және Долгоносовтың образын аша білген Александр Багрянцевті атап өткім келеді».
Өндірісі: Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ
Сценарий авторы: Д.Исабеков
Қоюшы режиссер: Н.Садығұлов
Қоюшы оператор: Р.Қосай
Қоюшы суретші: Е.Сүлейменов
Киім суретшісі: М.Торыбаева
Арт-продюсері: С.Әбдіхалықов
Атқарушы продюсері: Б.Байназаров
Садығұлов Нұргелді Серікұлы
Білімі:
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (1998 – 2002жж.)
Мамандығы: деректі кино және ТВ режиссері
С.А. Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография. (2006 – 2010жж.)
Мамандығы: көркем фильм және ТВ режиссері
Фильмографиясы:
Деректі фильмдер: «Көкпар» 1998ж., «Отшельник поневоле» 1999ж., «Ковер» 2000ж., «Соғым» 2002ж., «Скрипка и виолончель» 2003ж., «Семейный дом Купкиных» 2004ж., «Түркістан» 2007ж., «Абай» 5 серия 2012ж., «Исабеков әлемі» 2013ж.
Көркем фильмдер: «Игрушки» 2007ж. «Молоко» 2009ж. «Кредитке махаббат» 2010ж. «Зұлмат», «Біздің ауыл – во!» 2011ж.
Деректі фильмдер циклы:«Саят» 2005ж., Сериал «1 сынып» 2005ж., «Әпке» 2013ж., «Ұлт мақтанышы» 2013ж.