«Қазақстан кинематографиясы тарихынан» атты тарихи-құжаттық көрме және Дөңгелек үстел өтеді

2017 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-мен бірлесіп «Қазақстан кинематографиясы тарихынан» атты тарихи-құжаттық көрме және Дөңгелек үстел өткізеді.
«Қазақстан кинематографиясы тарихынан» атты тарихи-құжаттық көрме және Дөңгелек үстел өтеді

Аталған іс-шара Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бес институтционалдық реформасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып, еліміздің мәдениеті мен өнерінің даму тарихына арналған тақырыптық көрмелер шеңберінде өткізіледі.

Көрме барысында халық назарына ұлттық кинематография іргетасының қалануы, оның қалыптасуы мен жеткен жетістіктерін баяндайтын бірегей мұрағат құжаттар, суреттер мен экспонаттар ұсынылады.

Көрменің ашылу рәсіміне Алматы қ. Әкімдігінен, «Қазақфильм» киностудиясының өкілдері, кино ардагерлері мен қоғам қайраткерлері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен «Тұран» университетінің кино және телевидение факультетінің профессорлары мен оқытушылары, және еліміздің қоғам белсенділері қатысады.

Көрме Алматы қ. әл-Фараби даңғылы, 176, «Қазақфильм» АҚ әкімшілік корпусында (Тон студиясы), сағат 10.00-де ашылады.

Назар аударыңыз! Іс-шарағы қатысу үшін алдын ала тіркелуден өту қажет!

313-11-32

8 777 245 0092 Бауыржан

Сізге қызық болуы мүмкін: