Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды

Бұл қызметті бұған дейін Арман Асенов атқарған болатын.
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті болып Ақан Сатаев тағайындалды.
Ұжымға жаңа басшыны Мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.
Ақан Қарғамбайұлы Сатаев 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Алматы қаласындағы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "кино және ТВ" факультетін аяқтаған.
2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалап, 2007 жылы «Рэкетир» атты алғашқы толықметрлі фильмін, «Адасқан» мистикалық триллерін (2009), «Ағайынды» сериалын (2009), «Ликвидатор» психологиялық драмасын (2011), «Жаужүрек Мың бала» тарихи фильмін (2012) түсірген. Сондай-ақ «Районы» криминал драмасы мен «Анаға апарар жол» тарихи драмасының (2016), «Бизнесмены» (2018), «Томирис» (2019) фильмдерінің режиссері.
2014 жылы киноиндустрия саласының үздік өкілі ретінде "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығына ие болды.
2016 жылы жас режиссерлерді қолдауға бағытталған Astana Film Found қорының негізін қалаған.
Сізге қызық болуы мүмкін: