Atau 2020 жеңімпаздарын атады

Atau 2020 қысқаметрлі фильмдер кинофестивалінің қорытындылары жарияланды.
Atau 2020 жеңімпаздарын атады

Айгерім Мажитхан

өнертанушы


Нұр-Сұлтан қаласында қаңтар айының 20-24 аралығында ATAU 2020 қысқаметрлі фильмдер фестивалі өтті. Кинофестивальда Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен елордамыздағы Қазақ ұлттық өнер университетінен студенттердің қысқаметрлі фильмдері қатысты. Барлығы жиырмадан астам жұмыс пен сайыстан тыс төрт картина көрсетілді.

Фестивальдің директоры - өнертанушы Айгүл Ыбраева: «Біз Platforma.projectroom кеңістігінде Атау кинофестивалін 2018 жылы қараша айының 28-і мен желтоқсанның 1-і арасында өткізген едік. Сол кезде Қазақ ұлттық өнер университетінің кино факультетінде оқитын студенттердің курстық жұмыстарын қарап талқылаған едік. Енді мына жылы демеушілердің көмегімен кинотеатрда кәсіби үлкен экранда жұмыстарын тамашалай алды. Атау 2020 кинофестиваліне демеуші болған «Redmark» жетекшісі, директоры Әлия Әубакірова мен оның көмекші тобына, АруСинема кинотеатрына алғысымызда айтамыз! Бұл фестивальдің мақсаты – жас режиссерлерге қолдау көрсету, жаңа есімдерді атау. Көрермендер арасында сын көзқарасты дамыту, мысалы көрермендер фильмдерге дауыс беру мүмкіндігіне ие болды».

Қазылар алқасы құрамында Ерлан Нұрмұхамбетов – кинорежиссер; Ержан Жұмабеков – кинотанушы, сыншы; Айгерім Мажитхан – өнертанушы, суретші; Шұғыла Сержан – Атау 2019 фестивалінің жеңімпазы, режиссер.

Жүлделі орын алған фильмдер тізімі:

  1. «Үздік режиссерлік жұмыс» – «Қағаз тікұшақ»/режиссері: Әлішер Жәдігеров;
  2. «Үздік операторлық жұмыс» – «Танго»/операторы: Абдрахман Диас;
  3. «Үздік сценарий» – «Шоқ»/режиссері: Асылбек Мұсабеков;
  4. «Үздік актерлық ойын» (ерлер арасында) – «Дамир на 1-м курсе»/режиссері: Амир Аменов. Дамир Бешаков басты рөл үшін;
  5. «Үздік актерлық ойын» (әйелдер арасында) – «Қонақ»/режиссері: Нұрсұлтан Нускабеков. Жанар Шоқпанова фильмдегі басты рөл үшін;
  6. «Жаңа көзқарас» – «Мандаринки»/режиссері: Елизавета Новикова;
  7. «Бүгінгі күн көкейкестігі» – «Алдияр»/режиссері: Санжар Амансугуров;
  8. «Үздік деректі фильм» – «Подсолнух»/режиссері: Чингиз Сулумбетов (Кыргызстан);
  9. «Үздік көркемдік-визуальды шешім үшін» –«Поцелуй в курилке»/режиссері: Малика Тасбулат;
  10. «Халық таңдауы» – «Люмьеры»/режиссерлері: Данте Рустав пен Христиана Белоусова (Өзбекстан);
  11. «Халық таңдауы» – «Бауыр»/режиссері: Еламан Шаубанов. 
Сізге қызық болуы мүмкін: