Қазақстан Киносыншылар Қауымдастығы 2020-2021 жылдың үздіктерін анықтады

Қазақстан Сыншылар Қауымдастығы Халықаралық "Байқоңыр" кинофестивалі аясында Сыншылар жүлдесін тағайындады. Биылғы жылы 2020, 2021 жылғы үздік фильмдер марапатталды.
Қазақстан Киносыншылар Қауымдастығы 2020-2021 жылдың үздіктерін анықтады

"Сыншылар таңдауы 2020-2021" жүлдесінің жеңімпаздары:

Үздік драмалық фильм – "18 кГц" (прод. Ю. Ким, Ф. Шәріпов, Д. Жұмабек)

Үздік жанрлық фильм – "Жаным, айтсам сенбейсің!" (прод.  Е.Нұрғалиев, Ж. Айбасов)

Үздік режиссер – Әділхан Ержанов ("Сары мысық")

Үздік сценарий – Ерлан Нұрмұхамбетов, Әмір Әменов ("Барымташылар. Уақыт жолдары")

Үздік қоюшы-оператор – Әзиз Жамбакиев ("Барымташылар. Уақыт жолдары")

Үздік қоюшы-суретші – Әлия Одинаева ("Жаным, айтсам сенбейсің!")

Үздік ер адам бейнесі – Данияр Алшынов ("Атбайдың шайқасы")

Үздік әйел бейнесі – Әсел Сәдуақасова ("Ұлболсын")

Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі – Дулыға Ақмолда ("Жаным, айтсам сенбейсің!")

Екінші пландағы үздік әйел бейнесі – Динара Бақтыбаева ("Атбайдың шайқасы")

Үздік музыка – Сандро ди Стефано ("Оңбағандар")

Үздік ән – Ирина Кайратовна, Hiro, Zheka Fatbelly "Koke" әні ("Жаным, айтсам сенбейсің!")

Үздік дебют – Әлішер Жәдігеров ("Отау")

Естеріңізге сала кетейік, өз жұмысын 2015 жылдан бері жалғастырып келе жатқан Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы жыл сайын отандық кино саласындағы үздіктерді анықтап, "Сыншылар таңдауы" жүлдесін табыстайды.

Қазақстан Киносыншылар қауымдастығына отандық белгілі кинотанушылар мен кинозерттеуші 16 маман мүшелік етеді: Назира Мұқышева, Инна Смаилова, Олег Борецкий, Молдияр Ергебеков, Баубек Нөгербек, Ольга Малышева, Александра Поршнева,  Дана Әмірбекова, Ержан Жұмабеков, Мади Мамбетов, Гүлажар Машрапова, Ғалия Байжанова,  Төлеген Байтөкенов, Кәрім Қадырбаев, Дмитрий Мостовой. Қазақстан Киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнар Әбікеева.