Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы «Сыншылар таңдауы-2023» жүлдесінің жеңімпаздарын анықтады

Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы «Сыншылар таңдауы-2023» жүлдесінің жеңімпаздарын анықтады

Жыл сайын кино саласының үздіктерін анықтайтын Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы «Сыншылар таңдауы-2023» жүлдесінің  жеңімпаздарын анықтады. Жеңімпаздар сәуір айының 28 жұлдызында Алматы қаласындағы AlmaU университетінде салтанатты марапаттау кешінде жарияланды. «Сыншылар таңдауы» жүлдесінің тарихында алғаш рет дебюттік фильмі басты марапатқа ие болды. Дархан Төлегеновтың «Ағайындылар» алғашқы толықметражды фильмі «Үздік драмалық фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«Сыншылар таңдауы-2023» жүлдесінің жеңімпаздары:

Үздік драмалық фильм  «Ағайындылар» (продюсері Максим Акбаров)

Ақын (продюсерлері Юлия Ким, Ержан Ахметов)

Схема (продюсерлері Дина Жұмабек, Юлия Ким)

Голиаф (продюсерлері Г. Шабанов, Н. Джарбасов, А. Кочнев, О. Хлащова, Н. Дрозд, С. Әбішев, Г. Сарсенов, А. Әшімов, М. Иситова)

Ауыл (продюсері Гүлмира Апрымова)

 

Үздік жанрлық фильм - Дос-Мұқасан (продюсері Айгүл Байбек)

Паралимпиадашы (продюсері Әділет Ибраhим)

Патриоттар Уақыты (продюсері Ақбар Құрманбаев)

Пацан оқиғасы (продюсері Қуат Садықов)

Алға (продюсері Максим Акбаров)

 

Үздік режиссер - Дәрежан Өмірбаев («Ақын»)

Әділхан Ержанов («Голиаф»)

Серік Апрымов («Ауыл»)

Дархан Төлегенов («Ағайындылар»)

Шәрипа Оразбаева («Қызыл анар»)

Айдын Сахаман («Дос-Мұқасан»)

 

Үздік дебют - Қаш (Айсұлтан Сеитов)

Ағайындылар (Дархан Төлегенов)

Тау жуасы (Эльдар Шибанов)

Жақында жаз бітеді (Яна Скопина)

Сүтті қыз (Мәди Балжанов)

 

Үздік сценарий - Ауыл (Серік Апрымов)

Ағайындылар (Дархан Төлегенов, Ален Рахметалиев)

Ақын (Дәрежан Өмірбаев)

Бақыт (Әсем Жәпішева, Асқар Ұзабаев)

Голиаф (Әділхан Ержанов)

Схема (Фархат Шәріпов)

 

Үздік қоюшы оператор - Қаш (Азамат Дулатов)

Қызыл анар (Жандос Жұмабаев)

Ақын (Борис Трошев)

Өмір (Эмир Байғазин)

Схема (Александр Плотников)

 

Үздік қоюшы суретші - Голиаф (Ермек Өтегенов)

Адемоканың оқуы (Ермек Өтегенов)

Дос-Мұқасан (Нұрболат Жапақов)

Қаш (Назира Байбекова)

Тау жуасы (Муниса Гулиева)

 

Үздік әйел бейнесі - Бақыт (Лаура Мырзахметова)

Адемоканық оқуы (Адема Ержанова)

Қызыл анар (Айнұр Бермухамбетова)

Схема (Виктория Романова)

Хирург (Айсұлу Әзімбаева)

 

Үздік ер адам бейнесі - Голиаф (Берік Айтжанов)

Ағайындылар (Айбар Салы және Әлішер Исмаилов)

Адемоканың оқуы (Данияр Алшынов)

Қаш (Еркебұлан Дайыров)

Нартай (Шарифбек Закиров)

Паралимпиадашы (Асқар Ильясов)

 

Екінші пландағы үздік әйел бейнесі - Қаш (Толғанай Талғат)

Ауыл (Айша Мамытова)

Бақыт (Алмагүл Қазихан-Сағындық)

Тау жуасы (Лаура Тұрсынқанова)

Штурм (Александра Ревенко)

 

Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі - Бақыт (Ерболат Әлқожа)

Боран (Қатай Даулы)

Қаш (Оңдасын Бесікбасов)

Паралимпиадашы (Еркен Губашев)

Тау жуасы (Санжар Мәди)

 

Үздік музыка - Ақмарал Зықаева (Қаш)

Абай Ақбаев (Ағайындылар)

Асхат Манабай (Өмір)

Әділжан Толықпаев (Паралимпиадашы)

Молданазар (Штурм)

 

Үздік ән - Hey Monro, jeltoksan. - Atajurt (1941 жылдың жазы)

Зарина Божанова - Уақыт мәңгі тұрмайды (Паралимпиадашы)

Нуржан Курманбаев - Менің махабаттым (Почти мачо)

Ұшқын Жамалбек (Боран)

Molto Loud - Вождь (Үш)

 

Үздік арнайы әсерлер – «Патриоттар уақыты»
«1941 жылдың жазы»

«Дос-Мұқасан»

«Қазақтар өзге планеталықтарға қарсы»

«Қаш»

 

Шара аясында келесі арнайы жүлделер табысталды:

Фестивальдік қозғалысқа қосқан үлесі үшін

Әнуар Кенжебаев («Байқоңыр» фестивалінің директоры)

 

Каскадерлікке қосқан үлесі үшін

Жайдарбек Күнғожинов («Nomad Stunts» тобының жетекшісі)

 

Іс-шара барысында қонақтарға биылғы жылы Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы шығарған  «Казахское кино: Культурная матрица и тренды» (Қазақ киносы: мәдени матрица және трендтер) кітабы таныстырылды. Бұл  жинаққа қауымдастық мүшелері мен қазақ киносы туралы жазатын шетелдік кинотанушылардың аналитикалық шолу, эсселер мен рецензиялары енді. Кітап соңғы бес жылдағы қазақстандық киноүрдісті қамтиды. Жинақтың құрастырушы-редакторы – Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнар Әбікеева.

Естеріңізге сала кетейік, өз жұмысын 2015 жылдан бері жалғастырып келе жатқан Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы жыл сайын отандық кино саласындағы үздіктерді анықтап, «Сыншылар таңдауы» жүлдесін табыстайды.

Қазақстан Киносыншылар қауымдастығына 21 отандық белгілі кинотанушылар мен киносыншылар мүшелік етеді. Атап айтсақ, олар: қауымдастық президенті – Гүлнар Әбікеева, Олег Борецкий, Нәзира Мұкышева, Молдияр Ергебеков, Инна Смаилова, Баубек Нөгербек, Алма Айдар, Төлеген Байтөкенов, Кәрім Қадырбаев, Гүлажар Машрапова, Ғалия Байжанова, Дмитрий Мостовой, Ержан Жұмабеков, Ольга Малышева, Мәди Мәмбетов, Александра Поршнева, Дана Әмірбекова және қауымдастыққа 2023 жылы кірген Жәмилә Сатыбалдиева, Әсия Бағдаулетқызы, Камила Ғабдрашитова және Досхан Бояубаев.