Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы "Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің жеңімпаздарын жариялады

Жыл сайын кино саласының үздіктерін анықтайтын Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы "Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің жеңімпаздарын жариялады. Жүлдегерлер мамыр айының 6 жұлдызында YouTube-те өткен онлайн-көрсетілім барысында анықталды.
Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы "Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің жеңімпаздарын жариялады

COVID-19 эпидемиясының орын алу жағдайына байланысты, жүлдегелерді салтанатты түрде марапаттау кешін осындай форматта өткізуге тура келді. "Сыншылар таңдауы" мүсіндері әр жеңімпазға арнайы жеткізіліп, жеке табысталады.

"Сыншылар таңдауы-2020" жүлдесінің жеңімпаздары:

Үздік драмалық фильм – "Қап-қара адам" (прод. А.Сатаев, Э.Құрмашев, С.Әбішев, О.Хлащева)

Үздік жанрлық фильм – "Off-line демалыс" (прод. Э.Құрмашев, С.Әбішев)

Үздік режиссер – Әділхан Ержанов (Қап-қара адам)

Үздік сценарий – Фархат Шәріпов (Тұлғалық өсу трениңі)

Үздік қоюшы-оператор – Айдар Шәріпов (Қап-қара адам)

Үздік қоюшы-суретші – Қуат Тілеубаев (Томирис)

Үздік ер адам бейнесі – Данияр Алшынов (Қап-қара адам)

Үздік әйел бейнесі – Динара Бақтыбаева (Қап-қара адам)

Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі – Ержан Түсіпов (Тұлғалық өсу трениңі)

Екінші пландағы үздік әйел бейнесі – Дильназ Нұрсейіт (Композитор)

Үздік композитор – Илья Одегов \ Эмиль Досов (Тұлғалық өсу трениңі)

Үздік ән – Данэлия Төлешова & AlvinToday – "Off-line демалыс" (Off-line демалыс)

Үздік дебют – Шарипа Оразбаева (Мәриям)

Естеріңізге сала кетейік, өз жұмысын 2015 жылдан бері жалғастырып келе жатқан Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы жыл сайын отандық кино саласындағы үздіктерді анықтап, "Сыншылар таңдауы" жүлдесін табыстайды. Киносыншылар қауымдастығы биыл жаңа мүшелермен толықты. Олар: Өнертану докторы Молдияр Ергебеков, кинотанушы, киносыншы Дана Әмірбекова және кинотанушы, Baiqonyr ISFF-тің бағдарлама директоры Ержан Жұмабеков.

Қазақстан Киносыншылар қауымдастығына отандық белгілі кинотанушылар мен кинозерттеуші (биыл қосылған мүшелермен бірге) 16 маман мүшелік етеді: Олег Борецкий, Төлеген Байтөкенов, Кәрім Қадырбаев, Баубек Нөгербек, Назира Мұқышева, Гүлажар Машрапова, Ғалия Байжанова, Дмитрий Мостовой, Инна Смаилова, Ольга Малышева, Мади Мамбетов және Александра Поршнева. Қазақстан Киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнар Әбікеева.

Сізге қызық болуы мүмкін: