Қазақстан Киносыншылар Қауымдастығы «Сыншылар таңдауы-2024» жүлдесіне үміткерлерді жариялады

Жыл сайын отандық кино саласының үздіктерін анықтайтын Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы "Сыншылар таңдауы-2024" жүлдесінің үміткерлер тізімін жариялады. Жеңімпаздар 18 сәуірде марапатталатын болады. Биылғы жылы салтанатты кеш Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі 16А, Желтоқсан көшесімен қиылысында орналасқан Тұран университетінің бас ғимаратында өтеді. Басталуы – сағ 16:00.
Қазақстан Киносыншылар Қауымдастығы «Сыншылар таңдауы-2024» жүлдесіне үміткерлерді жариялады

«Сыншылар таңдауы-2024» үміткерлері:

Үздік драма:

  • «Жел тоқтаған жер» (продюсер Ардак Әмірқұлов)
  • «Мадина» (продюсерлері Айжан Қасымбек, Абид Азиз Мерчант, Апурва Бакши)
  • «Бауырына салу» (продюсерлері Асхат Кучинчиреков, Анна Качко, Диас Фелд, Камила Серкебаева, Елнур Какимжанов, Адильжан Туякбай)
  • «Шәйнек сатып алған қыз» («Она купила чайник») (продюсер Фархат Шарипов)
  • «Кішкентай самурай» («Маленький самурай») (продюсерлері Сано Синдзю, Асель Ержанова, Шуичи Ёсимура)

Үздік жанрлық фильм:

  • «Өлсең де есіңе түсір» («Умри или вспомни») (продюсерлері Тимур Шевченко, Жандос Айбасов, Ернар Нұрғалиев)
  • «Бүркіт» (продюсерлері Камал Жақсылықов, Ілияс Естекбаев)
  • «Маған назар аудар» (продюсер Ақболат Өтебай)
  • «Дәстүр» (продюсер Алмас Жали)
  • «Дала» («Степь») (продюсерлері Максим Акбаров, Тимур Акбаров, Фархад Абдраимов)

Үздік режиссер:

  • Асхат Кучинчиреков - «Бауырына салу»
  • Нариман Төребаев - «Шәйнек сатып алған қыз» («Она купила чайник»)
  • Айжан Қасымбек - «Мадина»
  • Ардак Әмірқұлов - «Жел тоқтаған жер»
  • Ернар Нұрғалиев – «Өлсеңде есіңе түсір» («Умри или вспомни»)

Үздік дебют:

  • Асхат Кучинчиреков - «Бауырына салу»
  • Данияр Ибрагимов - «Бүркіт»
  • Максим Акбаров – «Дала» («Степь»)
  • Даулетжан Макмут - «Глобус»
  • Олжас Баялбаев – «Қамауда» («Взаперти»)

Үздік сценарий:

  • Азамат Абжанов, Ернар Нұрғалиев, Әуез Әуезов - «Өлсеңде есіңе түсір» («Умри или Вспомни»)
  • Кенжебек Шайқақов - «Айқай»
  • Мұрат Есжан, Уларбек Нұрғалымұлы, Ұшқын Сейдрахман - «Мiржақып. Оян, қазақ!»
  • Абдусаид Шайхисламов, Азамат Аленов, Акболат Өтебай - «Маған назар аудар»
  • Нариман Төребаев - «Шәйнек сатып алған қыз» («Она купила чайник»)

Үздік оператор:

  • Айгуль Нурболатова - «Мадина»
  • Мурат Нугманов – «Кішкентай самурай» («Маленький самурай»)
  • Жанарбек Елеубек - «Бауырына салу»
  • Шерхан Таңсықбаев – «Дала» («Степь»)
  • Александр Рубанов - «Жел тоқтаған жер»

Үздік қоюшы-суретші:

  • Өмірзақ Шманов - «Жел тоқтаған жер»
  • Алия Косаева – «Өлсеңде есіңе түсір» («Умри или вспомни»)
  • Олжас Алменов - «Дәстүр»
  • Юлия Кравченко – «Қамауда» («Взаперти»)
  • Ұлан Айбергенов - «Белгісіз батырлар»

Үздік әйел бейнесі:

  • Мадина Оспан - «Маған назар аудар»
  • Жанар Шоқпанова - «Жел тоқтаған жер»
  • Мадина Ақылбекова - «Мадина»
  • Жанар Дұғалова – «Өлсеңде есіңе түсір» («Умри или вспомни»)
  • Дариға Бадыкова - «Таптым-ау сенi»

Үздік ер адам бейнесі:

  • Ерсұлтан Ерман - «Бауырына салу»
  • Бақыт Қажыбаев - «Мiржақып. Оян, қазақ!»
  • Дәурен Серғазин - «Бүркіт»
  • Орынбек Шаймағанбетов - «Айқай»
  • Мерей Мухтарұлы – «Өлсеңде есіңе түсір» («Умри или вспомни»)

Екінші пландағы үздік әйел бейнесі:

  • Самал Еслямова – «Кішкентай самурай» («Маленький самурай»)
  • Несібелі Серікбаева - «Мадина»
  • Айғаным Нұрсұлтан - «Айқай»
  • Зарина Кармен - «Мiржақып. Оян, қазақ!»
  • Жанар Айжанова - «Аппақ келiн»

Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі:

  • Ақтан Арым Құбат – «Кішкентай самурай» («Маленький самурай»)
  • Еркебұлан Дайыров – «Өлсеңде есіңе түсір» («Умри или вспомни»)
  • Ғалымжан Молданазар - «Бүркіт»
  • Жандос Айбасов - «Бүркіт»
  • Айдос Әуесбаев - «Бауырына салу»

Үздік монтаж:

  • Аллан Әмірқұлов, Ескендір Құсайынов - «Жел тоқтаған жер»
  • Нариман Төребаев – «Шәйнек сатып алған қыз» («Она купила чайник»)
  • Алмаз Олжабай - «Дәстур»
  • Шалқар Танеке, Ернар Нұрғалиев – «Өлсеңде есіңе түсір» («Умри или вспомни»)
  • Айдан Серік - «Мадина»

Үздік музыка:

  • Асель Омарова - «Жел тоқтаган жер»
  • Ғалымжан Секеев – «Шәйнек сатып алған қыз» («Она купила чайник»)
  • Олжас Дәлелхан – «Кішкентай самурай» («Маленький самурай»)
  • Jamal & Ganja - «Дәстүр»
  • Роберт Зиганшин - «Мадина»

Үздік ән:

  • Аль Nasr feat. RaiM – «ДАЛА ЕРЛЕРІ» (OST «Дәстүр»)
  • Дариға Бадықова & Олжас Абай – «Сезім үшін» (OST “Таптым-ау сені”)
  • Jaman T – «BILE» (OST «Хотя бы кинода-2»)
  • Sadraddin – «Ne sebep?» (OST “Вакцина от коррупции”)
  • Асель Омарова – «Дүние бойы дір етті...» (OST «Жел тоқтаған жер»)

Естеріңізге сала кетсек, өз жұмысын 2015 жылдан бері жалғастырып келе жатқан Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы жыл сайын отандық кино саласындағы үздіктерді анықтап, «Сыншылар таңдауы» жүлдесін табыстайды. Киносыншылар қауымдастығы биыл жаңа мүшелермен толықты. Олар: кинотанушылар Снежана Баймуханова, Еңлік Егеубаева, Ораз Керейбаев және киносыншылар Евгений Лумпов пен Жангелді Өмірәлиев.

Киносыншылар қауымдастығына қазіргі уақытта 26 кәсіби маман мүшелік етеді. Оның құрамына жаңадан қосылған бес маманнан бөлек келесі кинотанушылар мен киносыншылар кіреді: Қауымдастық президенті Гүлнар Әбікеева, Олег Борецкий, Төлеген Байтукенов, Кәрім Қадырбаев, Баубек Нөгербек, Назира Мұқышева, Гүлажар Машрапова, Ғалия Байжанова, Дмитрий Мостовой, Инна Смайылова, Ольга Малышева, Мәди Мамбетов, Александра Поршнева, Молдияр Ергебеков, Ержан Жұмабеков, Дана Әмірбекова, Жәмиле Сатыбалдиева, Әсия Бақдәулетқызы, Алма Айдар, Камила Ғабдрашитова және Досхан Бояубаев.

Globalnews.kz - жүлденің ақпараттық серіктесі.