"Қазақ анимациясының жаңа толқыны: Көркемдік ізденістер мен бағыттар" атты дөңгелек үстел өтеді

10-сәуір сағат 15:00 де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Ғылым апталығы" аясында, <span lang="KZ">ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен</span> "Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубының ұйымдастыруымен "Қазақ анимациясының жаңа толқыны: Көркемдік ізденістер мен бағыттар" атты дөңгелек үстел өтеді.
"Қазақ анимациясының жаңа толқыны: Көркемдік ізденістер мен бағыттар" атты дөңгелек үстел өтеді

Дөңгелек үстелге Қазақ анимациясының жас буын өкілдері қатысып, еліміз анимация өнерінің бүгінгі жай-күйін, көркемдік ізденістер мен бағыттарын, сонымен қатар заманауи өндіріс мәселелесін және оны шешудің жолдарын талқыға салады.

Қатысушылар:

Адай Әбілда режиссер-мультипликатор

Гүлнар Мүрсәлім – кинотанушы,
Өнертану ғылымдарының кандидаты.

Тұрдыбек Майдан - режиссер-мультипликатор

Тілек Төлеуғазы - режиссер-мультипликатор

Ділшат Рахматуллин -
режиссер
-мультипликатор

Қуаныш Нағыз - режиссер-мультипликатор

Мейіржан Сандыбай -
режиссер
-мультипликатор

Баубек Нөгербек –
кинотанушы,
PhD

Нұргүл Абдолла кинотанушы

Өтетін орын: Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, кинозал, Панфилов көшесі 127

Сізге қызық болуы мүмкін: