«Piano Fest Almaty» II халықаралық конкурсы дарынды жас пианистерді анықтайды

2018 жыл 23-27 ақпан аралығында П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Е.Серкебаев атындағы Үлкен залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен «Piano Fest Almaty» II халықаралық конкурсы өтеді.
«Piano Fest Almaty»  II халықаралық конкурсы  дарынды жас пианистерді анықтайды

«Piano Fest Almaty» конкурсының мақсаты — жас таланттарды шығару, әр елден келген пианисттермен тәжірибе алмасу, шығармашылық сайыста қатысушының ішкі әлеуетін ашып көрсету.

Сайысқа Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Оңтүстік Корей елдерінен келген 82 -ге жуық қатысушылар қатысады. Әділқазылар алқасын – халықаралық конкурстардың лауреаты,  «Антон Брукнер» Австрия университетінің профессоры Олег Маршев басқарады.

Конкурс тыңдалымдары үш күн бойы өтеді. Балалар музыка мектебі, балалар өнер мектебі, арнайы мамандандырылған музыка оқу орындарының оқушылары, сонымен қатар музыкалық колледж және жоғары музыкалық оқу орындарының студенттері әлемдік классиктердің және қазақ композиторларының шығармаларын таныстырады.

Әділқазылар алқасында сондай-ақ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Құрмет профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Валентина Тимофеева, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің жоғары санатты оқытушысы, «Мәдениет саласының үздігі» Баян Кенжетаева және Қырғыз ұлттық консерваториясы арнайы фортепиано кафедрасының меңгерушісі Гульшан Конушева қызмет атқарып, конкурсқа қатысушыларды жас мөлшерлері бойынша (колледж – 8-12 сыныптар, арнайы мамандандырылған мектеп – консерватория; БММ 1-4 сыныптар, БММ 5-7 сыныптар) бағалайтын болады.

Үздік орындаушылар үш жүлделі орын, ал ең үздік талантты орындаушы Гран-Примен марапатталады.

Бұл конкурс талантты балалалар мен жастарды кәсіби тұрғыда жетілдіруге бағытталған.

Конкурс аясында Жамбыл атындағы филармонияда әйгілі пианист - Олег Маршевтің концерті өтеді.  Бағдарламада Сергей Рахманиновтың  II концертін симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен тыңдай аласыздар, сонымен қатар конкурстың соңғы күндері Маршевтің шеберлік-кластары жоспарланған.

Piano Fest Almaty» II халықаралық конкурсының салтанатты ашылуы – 23 ақпан (жұма) сағ. 10:30,  П.Чайковский атындағы АМК Үлкен залында, мекен жайымыз: Манас көшесі, 13

Конкурсқа аккредиттеу үшін және қосымша ақпарат алу үшін  Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар.

Сізге қызық болуы мүмкін: