Мақала / #студентСөзі
«Мен оралдым»
II республикалық "Байқоңыр" қысқаметрлі фильмдер фестивалінің "Үздік деректі кино" номинациясының иегері "Мен оралдым" деректі фильмінің режиссері Жайық Белғожаевпен сұхбат
Бөлім: Кино
Датасы: 18.10.2017
Авторы: Ұлдана Мырзақұл
Мақала
«Мен оралдым»
II республикалық "Байқоңыр" қысқаметрлі фильмдер фестивалінің "Үздік деректі кино" номинациясының иегері "Мен оралдым" деректі фильмінің режиссері Жайық Белғожаевпен сұхбат
Бөлім: Кино
Датасы: 18.10.2017
Авторы: Ұлдана Мырзақұл
«Мен оралдым»
Жайық Белғожаев

Т.Жүргенов академиясының студенті болғандықтан, бұл алғашқы фильміңіз емес шығар? Бұған дейінгі курстық фильмдеріңіз туралы айтып өтсеңіз?

«Негізінде фестивальдерге ешқандай туындыларымды жіберген емеспін. Тек курстық фильмдерді немесе достарымның сұрауы бойынша өзім үшін түсіріп жүрдім. Одан бөлек тапсырыстар арқылы жарнамалар, роликтар түсіріп жүрдім. «Мен оралдым» деректі фильмі ағайларымның достарымның айтуы бойынша осы «Байқоңыр» фестиваліне жібердім. Негізі ол фильм толық аяқталмаған болатын. Өңделіп, ретке келтіретін жерлері болды, дегенмен уақыт тығыз болғандықтан үлгермедік. Бұйырғаны болар деп жібердік. Күтпеген жерден жүлде алып кеттік. Енді бұйырса, алдағы уақытта «Бастауға» тағы да басқа фестивальдерге жіберетін ойымыз бар. Фестивальге жіберу арқылы түсініп, енді көзіміз ашылып жатқан жайы бар. Ең бастысы қандай туындың болса да өзіңді сынау үшін осындай фестивальдерге жіберу жөн деп шетім. Ал бұған дейінгі курстық жұмысым «Қазақстан телеканалының үздік операторы» номинациясын алған операторым Жандос Жобалай екеуміз Семей қаласында бірлесіп түсірген «Дайыр» фильмі болды. Басты оқиғаның барлығы Семей қаласында болды. Сонымен қатар тапсырма бойынша «48 сағат» бағдарламасына фильм түсірген болатынбыз, орын алмасақ та, іріктеуден өттік. Соның өзі біз үшін үлкен жетістік болды. Кинотеатрдан фильміңді көру ерекше әсер қалдырады.

Фильмді түсіру барысында қандай қызықты оқиғалар болды?

«Қызықты оқиға ол фильмді түсірер алдында барлық техниканы алып алғанбыз, бірақ түсіретін адамым алдап кетті. Негізі менің түсіретін фильмімнің идеясы мүлдем басқа болатын. Содан сол күні операторым Жандос екеуміз техникаларды алып Жаркент қаласына кеттік. Бізге берілген мерзім 1 апта болатын. Сол 1 аптаның 4 күні шыны керек кейіпкер іздеумен кетті. Әр түрлі кейіпкер іздеп, не жайында түсіреміз деп басымыз қатты. Ер-тоқым жасайтын кісілерді көреміз, ол ашылып қойған тақырып. Содан ағаштан құрал-сайман жасайтын қолөнершілер таптық, оларда болмайды. Себебі іздің академияда ондай қолөнер шеберлері көп. Ал бізге көрерменге таңсық тақырып іздеуге тура келді. Ақыр соңыда бір үлкен кісінің ақылы бойынша Кенже деген кісі бар, барып жұмыстарын көріңдер, ұнаса ұнар, ұнамаса өздерің көрерсіңдер деді. Бір күнімізді арнап барып көрдік, қарадық, ол кісінің жұмыстарын айта алмаймын. Таңертең тұрып малдарын жайғап, сонымен қатар пәтер жалдаушы ұстайды, көрпе тігіп соны сатады, жүн түтеді, жер отайды, елдердің жерін отайды, көк шөп(газон) егеді т.б шаруалары бар. Бірден көге түскен кейіпкер болды. Көз алдымыз да кадрлар өтіп жатты. Сол келесі күні-ақ түсірілімді бастап кеттік, шыны керек бір жарым күнде шыққан дүние болды.

Түсіру тобыңыз туралы толығырақ айтып өтсеңіз. Актермен жұмыс жасау қиындық тудырмады ма?

«Жоқ ешқандай қиынға соқпады, себебі кейіпкердің өзі бізге идея тастап отырды «былай болса қалай, осы жерін осылай жасайық» деп. Енді фильмнің өзі сырттан келген оралман туралы айтылып отыр. Ол кісі әңгімеге жақын болғандықтан тіл табысу бізге оңайырақ болды. Деректі фильмде сценарий жазылмайды. Сол себепті барлығы өз орнымен шынайы шықты.

Сіз өзіңізді қай бағытта ізденіп жүрсін деп ойлайсыз? Қандай тақырыптар мазалайды?

«Айтылмаған нәрсе болса ол халық үшінде, өзім үшінде ол жаңалық. Болашақта әлі ашылмаған тақырыптарды түсіргі келеді. Қазіргі таңда барлық нәрсені көзбен көріп жүрміз. Кез-келген нәрсені біліп алуға болады да. Ал білмеген нәрселерді жоспарлап қойдым. Алла қаласа жақсы-жақсы ойлар бар. Ол ойларды әзірге ашып айтпайық қояйын, келер уақытта көре жатарсыздар. Керекті жерлеріне тапсырыстарды да жіберіп қойыдық. Енді көре жатармыз, сәтті болады деген ойдамын.

Бүгінгі таңдағы қазақ киносындағы жас режиссерлардың қозғап жүрген тақырыптары төңірегінде қандай ойыңыз бар?

«Айтар болсам көпке топырақ шашпаймын, дегенмен ізденіп жүрген балалар мен ғана емес көп, мысалға мен айтып өттім ашылмаған тақырып көп деп, ол тек менің ғана ойым емес сол қазіргі ізденіп жүрген жас режиссерлардың барлығының көздегені бір мақсат. Мен сияқты ойлайтындар қаншама. Кез- келген нәрсені түсіре салатын болса, ол елге де өзіне де келіп кетер ешқандай пайдасы жоқ, сол себептен көбінесе жаңалық ашқысы келетіндер көп. Сол себептен ашылмаған әңгімені көрсетер болсаң, көрерменге қызық және сұранысқа ие болады деген ойдамын.