Дөңгелек үстелге "Қазақстан театр сыншылары ассоциациясының" мүшелері, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының артистері мен режиссерлері, басшылығы, бұқаралық-ақпараттық құралдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар қазіргі таңдағы еліміздің қуыршақ театрлары ұжымдарының шығармашылық тыныс-тіршілігін, репертуарлық саясаты мен өзекті мәселелерін кәсіби тұрғыда талдап, өзара пікір алмасты.