Шымкет қаласында 15-18 қазан аралығында екінші рет республикалық Shymkent Film Festival өтеді.
"Өткен жылы фестиваль жоғары деңгейде өтті. Ол жергілікті кинематографистердің ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның басқа да аймақтарының қызығушылығын тудырды. Бүгінде, Шымкент кинофестивалі – республикалық форматтағы жалғыз кинофестиваль. Фильмдер үш бағыт бойынша ортақ бағдарламаға қабылданады: көркемсуретті, деректі және анимациялық. Біздің фестивальдер қозғалысымызда халықаралық болуға деген ұмтылыс бар. Шымкент кинофестивалі халықарық болуға ұмтылмайды. Бірінші кезекте, Қазақстанның жас кинематографистерінің арасында өзара байланыс ортану, тәжірибе алмасу және шығармашылық байланыс үшін алаң құру маңызды", – деді бағдарлама кураторы, кинотанушы Ержан Жұмабеков.
Еске сала кетсек, былтыр қараша айында өткен алғашқы Шымкент кинофестивалін режиссер Айжан Қасымбектің "Ауа" фильмі ашқан болатын. Байқауға 14 фильм қатысып, Шолпан Төребайдың "Кісі" қысқаметрлі фильмі үздік атанды.