Сиқырлы флейта

Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде ақпан айында музалық вернисажы өтеді.
Сиқырлы флейта

2017 жылы 2 ақпан күні сағ. 19:00 Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейі «Сиқырлы флейта» атты музыкалық вернисажына шақырады. Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты Түленова Меруерт флейта аспабына арналған әлемдік жауһарларды сонымен қатар, классикалық және этно-джаздық мәнерінде өзіндік өңдеуіндегі композицияларды орындайды.

Флейта шығу тегі бойынша ең ежелгі музыкалық аспаптың бірі болып табылады. Бұл аспап алғаш рет б.з.д. 35 - 40 мың жыл бұрын табылған, тіпті Гомердің «Илиадасында» ескертіледі. Әр халықтың өзінде флейтаның әр түрі бар: сиринга, ирландық флейта, кена, свирель, флажолет және т.б.

Вольфганг Амадей Моцарт 1756 жылдың 27 қаңтарында Австрияның Зальцбург қаласында дүниеге келген. Болашақ композитор туғаннан-ақ, музыкаға деген бейімін айқын көрсеткен. Тіпті, 4 жасында клавесинге арнап алғашқы концертін жазған. Оның әлемге әйгілі операларының ішінде «Фигароның үйлену тойы», «Дон Жуан», «Сиқырлы  флейта» және жеке аспаптарға арналған шығармаларының ішіндегі «Флейталық квартеті», симфонияларындағы жүрек тебірентер, сағыныш, өтініш сезімін оятатын 40-шы симфониясы, фортепианоға арналған ойлау қабілетін одан әрі арттыра түсетін шығармалары ерекше әсер қалдырады.

Осындай керемет шығармалардың ішінен флейта аспабының шебері Түленова Меруерт Моцарттан бастап, бірнеше әйгілі композиторлардың шығармаларын орындайды. Соның ішінде Моцарттың «Флейталық квартеті», Бизе мен Борнның «Кармен фантазиясы», Сен-Санстың «Жануарлар карнавалы», Libertango Пьяццоллы, Шілдебаевтің «Каракемері» және т.б.

Түленова Меруерт – А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектебін және Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясын бітірген. Бремен мен Карлсруэ (Германия) қалаларындағы Жоғары өнер мектебіндегі белгілі профессорлар Беттина Уельд пен Ренат Грайстан дәріс алған. Өнертану ғылымдарының магистрі. Сонымен бірге Латвия, Венгрия, Румыния, Ресей, Қазақстан елдерінде көптеген республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Мектеп жасынан концерттерге белсене қатысқан, қазіргі таңда Жамбыл атындағы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі құрамында, Мемлекеттік үрмелі ағаш аспаптар квинтетінде, «Қазақстан Камератасы», Құрманғазы консерваториясында студенттік симфониялық оркестрінде, заманауи «Игеру» ансамблінде белсенді концерттік қызметін атқаруда. Түрлі халықаралық жобаларда, соның ішінде «Қазақстанның Інжу-Маржандары» (Австрия, 2015), «Наурыз» атты қазіргі заманғы музыкаға арналған халықаралық фестивалі (Алматы, 2016), Халықаралық «Түркі әлемі» фестивалі (Турция, 2014) және т.б. Германия, АҚШ, Австрия, Словения, Франция, Венгрия, Латвия, Румыния, Ресей, Турция, Азірбайжан, Қырғызстан мен Қазақстан елдеріндегі ең үздік сахналарда өнер көрсеткен.

Сізге қызық болуы мүмкін: