Мүсін өнері – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер. Мүсіндеу өнері - көркем өнердің бір түрі болып табылады. Мүсінші Дәурен Досмағамбетов үшін қазақ бейнелеу өнерінің біртуар перзенттері Хәкімжан Наурызбаев, Төлеген Досмағамбетов, Ескен Сергебаев, Еркін Мергеновтерден тәлім-тәрбие алып, білім көкжиегін кеңейтуі өнердің алғашқы, маңызды баспалдағы болғаны сөзсіз. Көрмеде мүсіншінің 20-ға жуық жұмыстары қойылады.
1994 ж. О.Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжін, 1999 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының мүсін өнерін тәмәмдаған. Кейін, сол өнер ордасында қалып, өз өнерін мұғалім ретінде жалғастырады. Досмағамбетовтарды мүсіншілер әулеті деуге болады. Әкесі Төлеген Досмағамбетов отандық сәулет өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі мүсінші болса, анасы Ольга Прокофьева да осындай талант иесі. Туған бауыры Саржан да отбасылық үрдісті жалғастыруымен танымал. Сондықтан мүсінші
Дәурен Досмағамбетовтың таланты мен талабының ерте тас жаруы, биік бағаланып жүруі бекер емес.
Әкесі, Төлеген Досмағамбетов - Қазақстан мәдениетінің біртұтас кезеңі ұлттық мүсін өнерінің негізін қалаушыларының бірі, қазақ халқының батырлық тарихын бейнелеген белгілі мүсінші болып табылады. Бүгінгі таңда Дәурен Досмағамбетов әкесінің өнерін әрі қарай жалғастыруда. Шығармашылық ұжымда Төлеген Досмағамбетовтың басшылығымен бірнеше туындылары жарыққа шықты: Ахмет Байтұрсыновтың (Қостанайда, 2000), Академик Қаныш Сатпаевтың (Алматы, 2001), "Барыстар", «Фонтан» атты сәндік композициялары (Астана, 2000) және "Гранд-опера" қонақ үйінің мүсіндік безендірулері.
Сонымен қатар қоғамдық қайраткерлердің де бірқатар портреттері бар: Нұрсылтан Назарбаев, Михаил Есеналиев, Тоқтар Әубакіров және т.б. 2006 жылы Ақтауда студенттік мүсін орнату бойынша саябақтарға
арналған сәндік композициялар тәжірибесін жүргізеді: «Бұқа», «Тазша бала», «Мерген», «Салтатты садақшы», «Жағажайда», «Қошқар», декоративтік қыш құмыралар «Тұлпар», «Ай мүйізді қошқар» және тағы да басқа бірқатар ескерткіштердің, мемориалдық бюсттардың авторы.
Бір ерекшелігі мүсіншінің жұмыстарының ішінде көбінесе «Періште», «Әйел» бейнелеріне арналған жұмыстары көп. Осы образдар арқылы автордың ішкі жан-дүниесіне үңілуге болады. Мүсіндеу күрделі өнер - композиция жағынан, материалды сомдауда төзімділікті қажет етеді. Сондай ауыр және қатты материалдарда гранит, керамика және қолада осындай нәзік тақырыптарды ала отырып, оларды ерекше пластикада, мүсіннің негізінде форма мен кеңістіктің жаңа өзара байланысын таба отырып пішінге ерекше жұмсақтық береді. Жалпы «Періште» бейнесінің рухани мәні өте тереңде жатыр. Ол аспанға қарай ұмтылған, пәк, Құдайдың ғана әмірін мүлтіксіз орындайтын құлы болып есептеледі. Періштенің бейнесін, әдетте арқасында қос қанаттарымен антропоморфты күйінде бейнеленеді. Сондықтан да, мүсінші бұл бейнеге жиі оралады және оны одан сайын жетілдіргісі келеді.
Тағы бір күрделі жұмыстарының ішіндегі қоладан жасалған «Горажанен» («Қала тұрғыны», 2017) атты балықтың қаңқасымен қоректеніп жатқан аш мысықтың бейнесіндегі жұмысты айта кеткен жөн. Автордың пікірі бойынша, бұл мүсін қазіргі заманның нағыз ашкөз, тойымсыз, қанағатсыз, тек өз басын ғана ойлайтын дүниеқор
адамдардың келбетін сипаттайды. Яғни, мүсінші бұл жұмысында қазіргі заманауи адамдардың рухани құндылықтарының, адами қасиеттерінің құнсызданып бара жатқанын көрсетеді.
Даурен эксперимент жасағанды ұнатады. Бір туындыны бірнеше материалда сомдап, айырмашылығын ескереді, әсіресе мүсіннің тұғырына ерекше мән береді. Олардың формасын ойластыра қоладан,
аллюминий, шыныдан, көбінесе ағаштан жасайды және оның жоғарыда орналасатын мүсінімен де үйлесімділігін табуға тырысады. Сондай-ақ, Дәурен үшін мүсіннің қай жерде орналасса да, оның адам өмірінде алатын орны бар деп есептейді.
Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі.
Көрменің жетекшісі Ақбота Алимхожина - өнертанушы, арт-менеджер.