«Шығыс өнері» тұрақты экспозициясы өз жұмысын бастады

Шығыс халықтары өнерінің қашан да өзіне тартып алатын ерекше қасиеті бар. Бәлкім, бұл образдарының күрделі семантикасымен, түрлерінің көптігімен, қолданылатын технологиясының салмақты арсеналымен түсіндірілетін болар. 2017 жылдың 7 сәуірнен бастап ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында «Шығыс өнері» тұрақты экспозициясын өз жұмысын бастады.
«Шығыс өнері» тұрақты экспозициясы өз жұмысын бастады

Мемлекеттік өнер музейінде Қытай, Үндістан, Жапония, Корея және осы аймақтағы басқа да мемлекеттердің көркем өнерін паш ететін 2 мыңға таяу экспонат бар. Шығыс мәдениетінің туындыларын 1935 жылдан басталған жинақтау жұмысы әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Қытай – фарфордың отаны. Ол өнердің осынау бір ғажап түрін өндіру жөнінде әлемде алдыңғы қатардағы орында, солай болуы заңды да. Қолданылатын технологиясы жетілдірілген сан алуан түрін қытай шеберлері бүгінгі күні де құпия етіп ұстайды. Музей қорында қытай көзеші-құмырашыларының ғана емес, үнді және жапон шеберлерінің де қолдарынан шыққан жәдігерлік бұйымдар бар. Фарфор бұйымдардың көпшілігі өзінен кейінгі төрт ғасырға тән. Олар жоғары кәсібилік пен осы табиғи материалға деген сергек қарым-қатынасты айғақтайтын құрастырмалы формалар мен сәндік мотивтердің сан алуандығын көрсетеді.

Шығыс шеберлерінің қолынан шыққан қола бұйымдар ежелден-ақ ерекше шебер жасалуымен, дайындау технологиясының жоғарылығымен және аса көркемдігімен  әлемге даңқы жайылды. Ғұрыптық бұйымдарда, мысалы, Шива мен оның піл басты баласы  Ганешке арналған үй ғибадатханасында қола шебері шешімінің ықшамдылығын, детальдарының алуандығының үйлесімді шамаластығын, пілдің ауыр қадамы мен бұғының жеңіл де әсем жүгірісін қарама-қарсы салыстыра отырып, әбден ойластырғаны көрініп тұр.

Эмальмен қапталған лак бұйымдары, ағаш пен піл сүйегінен, жартылай асыл тастардан жасалған заттар, тоқыма және кестелі бұйымдар, осы бір таңғажайып аймақтағы халықтардың үйді сәндеп безендіретін әрі тұрмыстық-салттық бұйымдары бар. Олар бүгінде бізді өнер құпиясымен беттестіре отырып, оның қажеттілігін аңғартады. Шығыс халықтарының жоғары мәдениеті мен рухани әлеуетін көрсететін белгісіз шеберлердің қолданған тәсілдері мен жарқын біліктіліктері таңғалдырады.

Экспозицияның кураторы - Мария Капелиович, «Шығыс өнері» секторының жетекшісі. Шетел өнері орталығы.