Қазақстан тарихында тұңғыш рет артында қалған мұрасы көп жылдар бойы талай буын өнер мамандары мен өнер сүйер қауымды қызықтырып келе жатқан белгілі суретшінің жұмыстарының кескіндеме және графика каталогының толық суретті ғылыми басылымы жарық көрді. ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ-де дара туған қылқалам шеберінің туындыларының ең көп коллекциясы шоғырланған. Ешкімге ұқсамайтын тұлғаны барлық қырынан ашатын коллекциядағы туындылардың ұзын саны – 1110. Оның шығармашылығының ең қызықты жылдары Алматыда өтті. 1935 жылдан 1964 жылға дейін өзін қоюшы-суретші қызметіне шақырған Абай атындағы опера және балет театрында еңбек етті. Оның шығармашылық мұрасындағы әлемдік өнер тарихында тікелей баламасы жоқ фантастикалық жұмыстарының үлкен циклын бірегей туындылар деп білген жөн.
Қазіргі таңда Сергей Калмыковтың есімі Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де белгілі. Оның туындылары музейлер мен жеке жинақтамалардан өзінің лайықты орнын тапқан. С. Калмыковтың коллекциясы республикамыздың бейнелеу өнері тарихында бөлек орын алғандықтан және экспонаттарының санының көптігінен, басылым жеке том болып басылып шықты. Ақпаратқа толы мұндай каталог өнертанушыларға, коллекционерлерге, кәсіби оқу орындарының оқушыларына пайдалы болары сөзсіз, сондай-ақ тамаша суретшінің шығармашылық мұрасын одан әрі зерттеуге қызмет етеді.
Көрмеден қылқалам шеберінің үздік туындылары тамашаланады, олардың көбісі бірінші рет қойылып отыр.