"Классиканың сиқыры" музыкалық вернисажы

2017 жылдың 7 қыркүйек күні Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде "Классиканың сиқыры" атты Музыкалық вернисажы өтеді.
"Классиканың сиқыры" музыкалық вернисажы

2017 жылдың 7 қыркүйек күні Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде "Классиканың сиқыры" атты Музыкалық вернисажы өтеді. Алматы қаласы Әкімдігі, ҚР Халық әртісі Мұрат Серкебаевтың басқаруындағы концерттік оркестрі әлемдік классикалық музыканың жауһарларын орындайды, сонымен қатар, Құрманғазы, Жаяу Мұса сынды қазақ композиторларының тамаша туындыларын шекті оркестр өңдеуімен ұсынады. Осы кеште, көпшілікті Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушылары – Олег Татамиров пен Елена Никонова, Қазақстанның классикалық және эстрадалық скрипкашысы – Жәмилә Серкебаева өздерінің орындауларымен ұсынады.

Концерттік оркестр өз тарихын 1965 жылдан бастайды. 1975 жылдан бастап, осы күнге дейін оны ҚР Халық әртісі, СССР мен Қазақстанның композиторлар Одағының мүшесі Мұрат Серкебаев басқарып келеді. Камералық музыканың көптеген формалары мен жанрлары аталмыш ұжымның келуімен пайда болып, дами бастады. Бұл жағдай еліміздің нағыз мәдени оқиғасына айналды. Оркестрдің репертуарлық саясаты бүгінгі заманның музыкалық мәдениетіне дейінгі Ерте және Жоғары Қайта өрлеу дәуірінің музыкалық әдебиетімен құрылады. Оркестрдің шығармашылық қоржынындағы лайықты орынға қазақтың ұлттық сазгерлік мектебі мен этникалық музыканың атақты өкілдері ие. Әр түрлі жылдарда оркестр Қазақстан мен Ресейдің біртуар музыканттарымен ынтымақтастық орнатты, олар: Роза Рымбаева, Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев, Игорь Богуславский, Наталья Гутман, Леонид Ройзман және басқалар. Ғұмырлық тарихында музыкалық ұжым гастрольдік сапарлармен Ресей, Украина, Польша, Венгрия, Болгария, Түркия, Англия, Орта Азия мен Балтық елдерінің сахналарында өнер көрсетті.

Мұрат Серкебаев

 

Оркестрдің көркемдік жетекшісі, маэстро Мұрат Бекмұхамедұлы Серкебаев – ҚР Халық әртісі, СССР және Қазақстанның композиторлар Одағының мүшесі, скрипкашы және композитор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. 1998 жылдан бастап – Алматы қаласы Әкімдігінің концерттік оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері. Мұрат Серкебаев "Айнамкөз" поэмасы, "Аққуым-әнім", "Дала келбеті", "Элегия", "Рапсодия", "Туған жер туралы ән" ән-романстары мен оркестрге арналған шығармалар аранжировкаларының авторы. Қазақстан композиторларының, сондай-ақ, орыс және батыс классикалық музыкалық шығармаларының насихатталуына үлкен үлес қосты.

Оркестрдің жеке орындаушылары:

Жәмилә Серкебаева – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты;

Олег Татамиров – баритон, халықаралық байқаулардың лауреаты, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы;

Елена Никоновахалықаралық байқаулардың лауреаты, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жеке орындаушысы.

Кештің жүргізушілері:

Клара Исабаева – Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің баспасөз қызметінің жетекшісі, жоба жетекшісі;

Әмина Өксікбаева – Алматы қаласы Әкімдігі концерттік оркестрінің конферансье қызметкері.

Сізге қызық болуы мүмкін: