Барокко полифониясы

2017 жылдың 5 қаңтарында Ә. Қастеев атындағы өнер музейі «Барокко полифониясы» атты музыкалық кешіне шақырады. Басталуы: сағат 19:00.
Барокко полифониясы

Ақбота Алимхожина

Өнертанушы


Ad Libitum камералық
ансамблі (жетекшісі - Еркін Мырзағалиев) кемеңгер композитор Иоганн Себастьян Бахтың шығармаларын орындайды: скрипкаға арналған концерт ля минор, «Ариозо», «Сицилиано», «Шутка», ария, марш, менуэт және т.б.

Иоганн Себастьян Бах – әлем мәдениетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармашылығы барлық жанрды қамтитындығымен ерекшеленеді (операдан басқа), барокко мен классицизм қарсаңында композитор бірнеше ғасырлар шегіндегі музыка өнерін толықтырды. Бах – лирик. Оның музыкасының әр жолы адам жүрегінің жылылығымен жазылған. Композитор шығармалары аяқталған тұтастықпен, дамудың серпілісімен ерекшеленеді.

Айқын көрінген ұлттық суретші Бах, протестан хоралының музыкалық дәстүрін австрия, италья және франциялық мектептермен қосты. Қайталанбас полифония шебері - Бах үшін, полифония мен гомофондық үйлесім, вокалды және инструменталды ойлау тиесілі, оның астарында композитор шығармашылығындағы әр түрлі жанрлар мен стильдердің өзара терең байланысы түсіндіріледі.

Камералық ансамбль Ad Libitum (латын тілінен аударғанда «қалауы бойынша») 9 инструменттен тұрады; 2 бірінші скрипкалар, екі альт, екі виолончель мен контрабас кіреді. Ансамбль музыканттары Виктор Бардашев, Ирина Бардашева, Арман Назаров, Валерий Багаутдинов, Рамазан Байкуванов және т.б. - халықаралық конкурстардың лауреаттары. Топтың жетекшісі Еркін Мырзағалиев (бірінші скрипка) П. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының түлегі, Пушкин атындағы өнер музейінде өткізілетін түрлі концерттердің қатысушысы (Мәскеу қаласы), Швейцария,  Ресей және Қазақстан еліндегі халықаралық конкурстардың лауреаты. Еркін Румыния, Венгрия, Греция, Швейцария, Турция, Қытай және басқа да елдерге концерттер ұйымдастырған.

Ансамбль – француз тілінде бірлесу, ұласу деген мағынаны береді. Музыкадағы ансамбльде екі немесе одан да көп музыканттар шығарманы қосылып орындайды және орындалатын музыка бірдей ұласып, әдемі, мәнерлі болып шығуы керек.

Жалпы, музыка өмір көріністерін дыбыс, әуен арқылы суреттейді. Өзінің эмоциялық бағыты арқылы музыка адамзат тарихында мәдени-тәрбиелік рөлін атқарады. Сонымен қатар, музыканың адам сезімін, ойын дыбыс арқылы суреттейтін құралы  ретінде де маңызы зор.

Концертте орындалатын шығармалардың ішіндегі марш – көбінесе мереке шерулері мен мемлекеттік қонақтарын салтанатты түрде қарсы алған кезде, жорықтарда, ойналады. Елдік, ерлік рухтағы ерекше күш- жігермен орындалатын шығарма. Ал, ария – итальян тілінде ән деген сөз. Ария – опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылытын әуен. Мысалға, қазақ операларына келетін болсақ, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Абайдың арияларын айтуға болады. Ал, кейде ария аспапта орындау үшін де жазылады.

Осындай керемет шығармаларды тыңдап, белгілі Батыс - Европа суретшілері туындыларының аясында музыка әлеміне аттанғыңыз келсе, Қастеев музейіне асығыңыздар!

Кештің жүргізушілері – белгілі музыкатанушы Юрий Аравин және музейдің менеджмент және сыртқы байланыс орталығының жетекшісі Клара Исабаева.

Сізге қызық болуы мүмкін: