"Шыңырау" фильмі Түркияда жүлдеге ие болды

Түркияда өткен ALEMLERE RAHMET Халықаралық кинофестивалінде Рақымжан Қалдыкөздің "Шыңырау" фильмі жүлдеге ие болды.
"Шыңырау" фильмі Түркияда жүлдеге ие болды

ALEMLERE RAHMET Халықаралық кинофестивалі Siyer қорының ұйымдастыруымен 2014 жылдан бері Түркияда өтуде. Фестиваль әлемдегі бейбітшілік пен Түркия халықтар достастығына арналған.

"Шыңырау" фильмі (реж. Рахымжан Қалдыкөз) екінші орын алған Халықаралық қысқаметрлі фильмдер конкурсының марапаттау рәсімі 18-ақпан күні басталды.

 

 

Айта кету керек, "Шыңырау" фильмі осы уақытқа дейін Бесінші "Үміт" (Бішкек қ.) ТМД елдері киносының форумына қатысқан және Қазан (РФ, Татарстан) қаласында өткен "Зилант" Халықаралық кинофестивалінде Бас жүлдеге ие болған еді.

 

 

"Шыңырау" фильмі сәбилі болуды армандайтын жас отбасының проблемаларын сипаттайды. Неге Ахметтің сенімі бір ағашқа байланысты?! Ахмет пен Райхан арасындағы конфликт соқыр сенімді жеңе ала ма?

 

"Шыңырау" қысқаметрлі фильмі

2017 ж., 13 мин. Қазақстан

Режиссері: Рақымжан Қалдыкөз

Сценарий авторы: Шыңғыс Маман

Оператор: Шерхан Таңсықбаев

Продюсер: Төребек Жұмабеков

Суретші: Бағдат Қожахметов

Рольдерде: Перизат Маденова, Жанбол Файзиев, Қалдыкөз Жұмабеков

Сізге қызық болуы мүмкін: