Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Кино және ТВ» факультеті, «Өнертану» факультеті, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 30-сәуірінде кинотанушы, педагог, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, өнертану кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің туғанына 70 жыл толуына орай «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КОНТЕКСТІНДЕГІ ЗАМАНАУИ КИНО ӨНЕРІ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Конференцияда келесі бағыттағы тақырыптар талқыланады:
Секция 1. Кино және телевизия:
- Бауыржан Нөгербектің шығармашылық, ғылыми және педагогикалық мұрасы;
- Заманауи кино тарихы мен теориясы мәселелері;
- Кино және телевизияның цифрлық технология дәуіріндегі даму перспективалары;
- Анимация мен деректі кинодағы жаңа көркемдік үрдістер;
- Копродукция форматындағы кино жобалар мен телесериалдарды продюсерлеу ерекшелігі;
- Медиакеңістік және жаңа сәйкестілікті іздеу.
Секция 2. Бейнелеу өнері:
- Рухани жаңғыру идеясы контексіндегі бейнелеу өнерінің негізгі даму тенденциялары;
- Мәдени мұраны сақтау және дамыту: қолөнер және дәстүрлі өнер;
- Заманауи кескіндемедегі стиль эволюциясының өзекті мәселелері;
- Өзекті өнердің радикалды формаларын, оларды қабылдау және пайымдау ерекшеліктері.
Секция 3. Театр және хореография өнері:
- Заманауи кинематографтағы театр мен хореография формаларының өзара әрекет етуі;
- Сахналық актерлік өнер мәселелері;
- Сахна безендірудегі тұжырымдамалық мәселелер;
- Театр және кино өнеріндегі режиссерлік тенденциялар.
Секция 4. Музыка: дәстүрлі, классикалық, заманауи:
- Еуразия халықтарының дәстүрлі музыкасын салыстырмалы зерттеу мәселелері;
- Интеграция кезеңіндегі дәстүрлі музыка орындаушыларын дайындау мәселелері;
- Музыкалық орындаушылық өнердің дүниетанымдық аспектілері;
- Музыка және экрандық өнер түрлерінің өзара әрекет етуі.
Секция 5. Өнер философиясы және мәдениеттану:
- Заманауи өнердегі дәстүр мен жаңашылдық;
- Мәдени сәйкестілік және мәдениеттің жаһандану мәселелері;
- Заманауи өнердегі тұлға және әлеумет;
- Экран өнеріндегі шығармашылық еркіндік және әлеуметтік жауапкершілік.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға кез келген елдің ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы, білім және ғылым ұйымдарының қызметкерлері, магистранттар, докторанттар қатыса алады.
Конференцияға қатысушылар үшін кіріс жарнасы 3 500 теңге.
Іс-сапар шығындары жіберуші тарапынан немесе конференцияға қатысушының есебінен жүргізіледі.
Баяндамаға қойылатын талаптар:
Конференция жұмысына қатысу үшін 2018 жылдың 16-сәуіріне дейін ұйымдастыру алқасына баяндама мәтінінің электронды нұсқасын төмендегідей формада рәсімдеп, alma@nur.kz электронды поштасына жіберу қажет. Файлдарды бірінші автордың аты-жөнімен және секция нөмірімен атау керек, мысалы: «Асхатов, 1 секция». Баяндама көлемі А-4 форматты 5-12 бет болуы тиіс. Баяндама мәтіні Microsoft Word мәтіндік редакторында Times New Roman 14 кегль қаріпімен әр жол аралығы – 1, сол жақ жол жиегі – 3 см., жоғарғы және төменгі жол жиегі – 2 см., оң жақ жол жиегі – 1 см.; тақырып бас әріптермен және қою шрифтпен жазылады. Әдебиеттер тізімі мәтін соңында және тізім тәртібіне сай жазылады. Мәтінде әдебиеттер тізімі тік жақшада әдебиеттер тізіміндегі еңбек нөміріне сәйкес қойылады. Сілтемені қолданғанда түпнұсқаның бетін көрсету керек. Мысалы: [1, 256 б].
Баяндама мәтіні 2018 жылдың 16-сәуіріне дейін жіберілуі тиіс.
Ақпараттық хатта қойылған талаптар сақталмаса, кешіктіріліп жіберілген жағдайда материал қабылданбайды.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Панфилов к-сі 127, 65 кабинет, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасы.
Web-сайт: www.kaznai.kz
Байланыс телефондары: +77073337337, +77071770072
Электронды пошта: alma@nur.kz
Өтетін орны және уақыты: оқу театры, 2018 жылдың 30 сәуірі, сағ. 10:00.
баяндама үлгісі
Асхатов Ж.Б.
Т.Қ. Жүргенов атындағы
Қазақ ұлттық өнер академиясы
Алматы қ., Қазақстан
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН КИНО ӨНЕРІ
Түйін
Резюме
Summary
мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін........
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі