Мақала / #студентСөзі
Отбасы бақытымен «қоштасқысы келмейтін» спектакль
«Қоштасқым келмейді» спектаклінің көтерген басты мәселесі - отбасы құндылығы
Бөлім: Театр
Датасы: 26.04.2017
Авторы: Гүлдана Иманқұлова
Мақала
Отбасы бақытымен «қоштасқысы келмейтін» спектакль
«Қоштасқым келмейді» спектаклінің көтерген басты мәселесі - отбасы құндылығы
Бөлім: Театр
Датасы: 26.04.2017
Авторы: Гүлдана Иманқұлова
Отбасы бақытымен «қоштасқысы келмейтін» спектакль
фото театр сайтынан алынды

Режиссер А.Маемировтың «Қоштасқым келмейді» спектаклінің көрсеткен басты проблемасы - қоғамдағы актуалды мәселе, ажырасу. Қойылым Мития және Катя деген екі жастың қызғаныш, ұрыс-керісі, бірін-бірі түсінбеушілігінен бастау алады. Жалпы сахнада актерлар саны өте көп. Оның ішінде сегіз жұптың ажырасу мәселелерінің түрлі себептері көрсетіледі. Сахнада айтарлықтай декорация жоқ. Тек темір төсекпен, саны шексіз сөмкелер. Актерлердің ойыны ғана мұны жауып кетіп тұр. Бұл қойылымды тәрбиелік мәні бар деп есептеуге болады. Себебі, қазіргі кездегі бірін-бірі түсіне алмай жүрген жастарға, көрермендерге көп ой салар еді. Актерлер ойыны өте жоғары дәрежеде, көрерменге шынайылықпен жеткізілді. Оның ішінде, бірде күлдіртіп, бірде жылатып ұйыта білген Ғазиза Әбдінәбиева. Рөлі эпизодтық болғанымен де, көрерменге көп күлкі сыйлай білді.

Сегіз жұптың ішіндегі отағасылардың бірі Азамат Сатыбалды, қызуқанды, ашуланшақ мінезімен есте қалса, ал Зарина ерке, жарасымды қылықтарымен есте қалады. Зарина Кәрменова мен Азамат Сатыбалдының актерлік шеберліктері жоғарғы деңгейде көрінді. Жылтыраған костюмсіз, жалтыраған гримсіз, басы артық дүниесіз қырық әртіс көрерменмен сырласады. Тағы да айта кететін жайт, қойылымның музыкалық фрагменті. Неміс композиторы Ф.Шуберттің «Кешкі серенадасы» ұтымды таңдап алынған. Спектакль әр түрлі жанрдағы билермен әрленген. Көңілді көтеріп тастайтын да сәттері болды.

Қойылым финалы өте әсерлі. Актерлер қолдарындағы чемодандарымен жас отаудың іргесін қалағандай, бәрі айналдырып қойып шығады. Отбасы - шағын мемлекет. Мемлекеттің қабырғасын құлатып алмау әр жанұяның өзіне байланысты. А.Володиннің бұл шығармасындағы отбасылар өмірде де кездеседі. Махаббатты қадірлеп, сақтап қалу мақсатындағы, осы қойылым үшін мың алғыс.