Атырау қаласында 21-24 мамыр арлығында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Атырау облыстық Махамбет атындағы Қазақ драма театрында Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» және тәуелсіз «Платинді Тарлан» сыйлығының иегері, ақын-драматург Иран-Ғайыптың 70 жас мерейтойына орай «Мәңгілік елдің алтын адамы» атты Республикалық театр фестивалі өтеді.
Фестиваль күндері Қазақстанның әр қалаларынан келген театрлар өнер көрсетеді.
21-мамыр Иран-Ғайыптың «Сүйінбай» драмалық эпосының тұсаукесерімен сахна шымылдығын 80 жылдық тарихы бар жергілікті Атырау театры бастап ашып, барлығы алты театр өнер көрсетеді деп күтілуде. «Сүйінбай» қойылымы мамырдың 4-і күні, Атырау облысы әкімінің, облыстың мәдениет мекемелері басшыларының және шығарма авторы Иран-Ғайыптың тікелей қатысуымен театрдың көркемдік кеңесіне тапсырылды. Қойылымды қоюға Алматы қаласынан арнайы тәжірибелі режиссер Мұрат Ахманов шақырылды.
22-мамыр:
- 11.00-де Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театры (Талдықорған қаласы) «Негізгі шаруа» спектаклін ұсынады. Режиссері – Базарбек Тоқымтаев.
- 19.00-де Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры (Алматы қаласы) «Естайдың қорланы» қойылымын көрерменге ұсынады. Режиссері – Мұрат Ахманов.
23-мамыр:
- 11.00-де Абай атындағы мемлекеттік академиялық драма театры (Семей қаласы) «Адасқан бақ құсы» қойылымын көрсетеді. Режиссері – Ерсайын Төлеубай.
- 19.00-де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры (Алматы қаласы) «Қорқыттың көрі» спектаклін ұсынады. Режиссері – Йонас Вайткус.
24-мамыр:
- 11.00-де Батыс Қазақстан облыстық Хадиша Бөкеева атындағы Қазақ драма театры (Орал қаласы) «Мәңгілік елдің алтын адамы» қойылымымен фестивальдің негізгі бөлімін аяқтайды. Режиссері – Мұрат Ахманов.
Фестивальдің соңғы күні, сағат 17.00-де «Атырауым – абыз-алыбым» атты ақынның шығармашылық жыр кеші өтеді.