Мақала / #студентСөзі
«Қара шекпен» - адам бойындағы қасиеттер туралы спектакль
«Қара шекпен» спектаклі туралы көзқарас
Бөлім: Театр
Датасы: 24.04.2017
Авторы: Нұрбек Серікбайұлы
Мақала
«Қара шекпен» - адам бойындағы қасиеттер туралы спектакль
«Қара шекпен» спектаклі туралы көзқарас
Бөлім: Театр
Датасы: 24.04.2017
Авторы: Нұрбек Серікбайұлы
«Қара шекпен» - адам бойындағы қасиеттер туралы спектакль

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасындағы Осетин драматургі Г.Хугаевтың «Қара шекпен» атты туындысы адамгершілік-гуманизм мен философиялық қортынды ой-пікірлердің тоғысқан тұсы болды десек артық айтқанымыз емес. Қойылым аллегориялық мысалдар арқылы өз кейіпкерлерін нақты тауып Адалдық пен арамдықтың, жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресін, алынбас кегін, өмірдегі әлсіздік пен мықтылықтың, әлімжеттіліктің және әділетсіздіктің аражігі туралы кейіпкерлер арқылы көрерменіне жеткізе білген. Бұл жердегі кейіпкерлер ансамблі нақтыланып, әрбірі әртүрлі өзіндік миссиямен жүрген өлшемді де санаулы дүниелер екені рас. Мысалы бұ жердегі аллегориялық кейіпкер түлкі – ежелгі түркі мифологиясына сәйкес арамдықтың бейнесі болып келсе, иесіне адал қызмет еткен ит - адалдық атаулының тұтас символы ретінде алынып отыр. Қасқыр жауыздықтың, жыртқыш күштің иесі ретінде кездессе, қоян - алапат күрес өмірдегі ең бір әлсіз, қорқақ бейне ретінде көрсетіліп күш пен әлсіздіктің арасындағы айырмашылық өлшемдер туралы да айтылады.

Қойылым адамға адал қызмет етіп жүрген Тұзар иттің рөліндегі Д.Базарқұлов ойы¬ны ішкі жылылығымен, кесек әрекеттерімен ұнамды шыққан десек те болады. Қойылымдағы әрбір кейіпкер бәрімізге етене таныс, көркемшындықтан гөрі өмірдегі гротесктер көп кездесетін туынды сезімнің қыл-бұрауын мың шертіп, өмірдің ащы тұстарына қанша бойласа да көркемдік қуатын жоғалтқан емес. Қойылымды тамашалаған көрермен өзін әр кейіпкердің орнына өзін қойып көріп, өзіне психологиялық тәлім мен тәрбие беріп, өз бойын тәртіпке шақыра алады.

Режиссер А.Маемировтың да бұл шығармаға мол тәжірибемен, қалыптасқан ой-тұжырыммен келгенін байқадық. Бірақ қойылым осы кезге дейінгі аударма қойылымдардың ішінде көркемдік жағынан ерекше сапалы болатын себебі аударманың сәтті шыққандығында да жатыр. Адамдардың өмірдегі шын келбеті, анық бейнесі туралы оралымды ой толғамдарды нақты, дөп басып айтар ойынан ауытқымай айту да аудармашы Қ.Төлеуішовтің шеберлігіне де мән берген жөн. Осы жерде ой қортып айтуға болады. Қазақ драматургия саласына қажетті дүниелердің бірі де осы сәтті аудармалар болса керек. Қойылымның драматургиясынан көрермен бәлкім жақсылық пен жамандықтың күресі жүрген жерінде жақсылық бейнесінің жеңіске жетуін қашанда аңсайтыны анық. Бірақ осы кезге дейінгі әлем фольклорында көптеп кездесетін жақсылық бейнесі жеңістің тұғырынан көріне алатыны да бізге үйреншікті, бәріміз күтетін жағдай болатын. Көптен қалыптасқан соқпақ жолдан драматургтің ауытқуы драматургия саласына алып келген өзіндік жаңалығы болса, бірқырынан қарасақ көрерменнің үміті ақталмауы да жанға батар жара болса керек. Осы негізге сүйене отырып бұл пьеса Мүсірепов атындағы театрды жаңа қырынан қалыптастырып көрсеткен жаңашыл шығарма деуге негіз бар.