Мақала
«QAZAQ KINOSY: BIZ KIMBIZ» Жобасы
Соңғы уақытта ұлттық кімдікті іздеу мәселелері көп талқыланып, қоғам тарапынан қызығушылық тудырып жүр. Қазақстанда соңғы 20 жылда түсірілген фильмдерді жүйелей отыра, “біз кімбіз?” деген сұраққа кино қандай жауап берер еді деп ойластырып көрдік.
Бөлім: Кино
Датасы: 16.06.2024
Авторы: Oner Portal
Мақала
«QAZAQ KINOSY: BIZ KIMBIZ» Жобасы
Соңғы уақытта ұлттық кімдікті іздеу мәселелері көп талқыланып, қоғам тарапынан қызығушылық тудырып жүр. Қазақстанда соңғы 20 жылда түсірілген фильмдерді жүйелей отыра, “біз кімбіз?” деген сұраққа кино қандай жауап берер еді деп ойластырып көрдік.
Бөлім: Кино
Датасы: 16.06.2024
Авторы: Oner Portal
«QAZAQ KINOSY: BIZ KIMBIZ» Жобасы

Бұл жоба кенет басталған жоқ. Oner Portal 2022-2023 жылдары Алматы қаласында «QAZAQ KINOSY: TOP 10 FILM» жобасын жүзеге асырды. Бұл шара аясында кино сыншылар мен режиссерлер ең үздік деп санаған 10 фильмді көрермендермен бірге қарап, сарапшылар талқылады. Жоба көпшіліктің көңілінен шыққанын және қоғамға қажеттілігін ескере отырып, АҚШ Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясы мен “Шеврон” компаниясы оны жалғастыруға ары қарай да қолдау білдіретін болды.

Кино-талқыны жалғастырар тұста «QAZAQ KINOSY: TOP 10 FILM» жобасынан алған тәжірибемізді Алматыдан басқа қалаларға жеткізсек деген байламға келдік. Өзара ақылдаса келіп Астана қаласы мен Шымкент қаласын таңдадық. Жоба келесіде жалғасын тауып жатса аймақтардағы қалаларды, яғни облыс орталықтарын кезек-кезегімен қамтимыз деген ниетіміз бар. Астана мен Шымкентте өткен талқылауда спикерлікке талқыланатын фильмдердің мазмұнына қарай мүмкіндігінше жергілікті зерттеуші мамандарды тарттық.

Ал жоба аясында көрсетілетін фильмдерді таңдауға барынша мән бердік. Біріншіден аудитория үшін көкейкесті мәселелерді көтеретін тақырыптар таңдалды, екіншіден режиссердің айтар ойы, құндылығы және кино эстетикасына мән берілді, үшіншіден гендерлік балансты сақтауға назар аударылды. Жобаның аты айтып тұрғандай БІЗ КІМБІЗ, яғни, соңғы уақытта қоғамда жиі талқылана бастаған кімдік (identity) ұғымына кино арқылы назар аударуға және дискурс жасауға тырыстық.

Фильмдерді талқылауда «біздің фильмдер біздің қоғамды оқи алып жатыр ма» деген сұраққа ерекше мән бере отырып, identity сұрағына жауапты күнделікті болмысымыздан іздедік. Бұған спикерлеріміз, сонымен қатар көрермендер қандай пікір қосқанын төмендегі жазбалардан оқи аласыздар.


QAZAQ KINOSY: BIZ KIMBIZ

  1. От (2020), реж. Айжан Қасымбек
  2. Үкілі Кәмшат (2014), реж. Әділхан Ержанов
  3. Өзен (2018), реж. Эмир Байғазин
  4. Бауыр (2013), реж. Серік Апрымов
  5. Аласталғандар (2018), реж. Жанна Исабаева
  6. Асан (2017), реж. Берік Жаханов