Сіз «Дебют» атты шығармашылық бірлестігінің конкурсына қалай келдіңіз?
Өмірлік жолымды біздің қазақфильм киностудиясынан бастағым келгендіктен, жұмыс іздеп осы араға келдім, алғашында олар маған бос орындар жоқ екендігін айтып, басқа жұмыс ұсынды, ол сол қазақфильмнің күзетшісі болу еді, мен қуана келістім, себебі кино процессіне бір табан жақын боламын. Бір жыл ішінде күзетте істей тұра мен 10 киноға түсіп үлгердім, оның ішінде үшеуі басты рөл болатын. Ал 2016 жылдың аяғында өзімнің киномды түсірдім. Міне, осылайша мен Дебют шығармашылық бірлестігіне келдім.
Шығармашылық тобыңыз жайлы айта кетсеңіз?
Уақаттың тапшы болғандығынан түсіру тобын жинақтау жеңіл болмады, бірақ, актерлік, сценарий шеберлігімен таныс болғандықтан, басты рөлді өзім сомдап шықтым, жәненде сценарий авторы, оператор, режиссеры өзім болдым, бұл шаралар менің уақытымды қатты үнемдеді. Қоюшы-Оператор Тимур Итеновтің сол кезде қолы бос болғандықтан біздің түсіру тобымызға келіп косылды. Ал басты әйел рөлін сомдаған атақты әнші және актриса, Асем Құтбаева болды, ал киноның композиторы болуға келіскен адам ол Александр Сухарев немесе (Звон-льдов), ол кісі маған ескі досым болғандықтан фильмге өзі жазған музыкасын сыйға тартты, негізінде түсіру тобым бұл киноны үлкен ләззатпен сондай алып құмарлықпен түсірді.
Бұл туындының идеясы қалай өмірге келді?
Атап айтсақ бұл катринаның идеясы өзіме жақын, менің өмірімнің жартысы деп те айтуға келеді, жасыма қарамастан әлі басым бос, жан ұям жоқ. осы сұраққа келетін болсақ менің өзімнің жеке ойым, жан ұя дегеніміз бұл көп уақытты алады. Мысалы, жұмыстан шаршап келе салысымен әйеліңді аймалап балаларыңның көңілін табуға күшің де жетпей калады. Қысқасы айтқанда менің жан ұям бұл менің жұмысым
Кастинг шаралары қалай өтті?
Асем Құтбаеваны баяғыдан танығандықтан, өнері өзіме жақын болғандықтан, сценариімді оқыттым, ол кісіге ұнап өз келісімін берді. Ал эпозодтарға түскен актерларды кастинг арқылы алдым, бұл кезде маған Айгүл Ержанованың көмегі көп тиді.
Өзіңіздің кино өнеріндегі жолыңыз жайлы айта кетсеңіз?
Алғаш сценариямды жазған сәтте маған режиссер Жанібек Мұртазин (Закрыто на зиму) келіп, өзінің жаңа ойларын қосты, кейбір жерлерді түзетуге көмегін тигізді. Бұл кинода атақты театр әртісі Капустинда бір эпозодқа тұсті. Осы оқиғалардан кейін мен өзімнің қолымнан сценариді жазуға келетіндгін тұсініп, (Жесткий тип), атты киномды тұсіруге бел будым, алғашында толық метрге көз тіктім, ары ойланып бері ойланып, қысқа метрлі фильмімді тұсіруді ұйғардым.
Қазіргі қазақ киносының жағдайын қалай бағалар едіңіз?
Шындығына келгенде, отандық киноөнімнің болашағы жеке кәсіптік кинокомпниялардың қолында, себебі көптеген кинолар осы компанияларда түсіріліп жатыр, бұл кісілер өз жұмысының маманы, мәселен Адамбаев, ол бір айда екі, үш киносын түсіріп үлгеруі мүмкін. Ал партизандық кино ағымына келер болсақ, олардың шығару технологиялары коммерциялық деп айтуға келеді, яғни барлығы тыңғылықты және тез, ал негізінен келгенде олардың кинолары авторлық бағытта, осы екі жол тоғысып керемет эффектке ие болады. Бір жағынан егерде біздің коммерциялық киноларға осы ағымның шығару техналогияларын ұсынса және де мағынасы жағынан терең сценраилар жазылса, біздің елдің кино өндірісі әлемдік деңгейге жетер ме еді. Біздің елде талантты жастар өте көп, бірақ жақсы сценарилар аз, ал кино өндіру процессі өте қиын, сондықтан да, осы мәселелерді барынша жеңілдету керек.
Әлемдік сахнадағы режиссерладың ішінде өзіңіз бағалайтындары жайлы атап өтсеңіз?
Сен өз туындыңды түсірер сәтте ешкімнен ұрламау керек, не болмаса ұқсатудан арылу керек, әйтпесе өзіңді жоғалтып алуыңда әбден мүмкін, сол кезде сен екінші Тарковский, екінші режиссер болып қалып қаласың, сондықтан да өз ойыңды жоғалтып алмауға тырысуың тиіс, менің ешқандай кумирларым, пір тұтатын адамдарым жоқ.
Енді, Қазақ кино өнеріндегі режиссерладың ішінде өзіңіз бағалайтындары жайлы атап өтсеңіз?
Өз басым Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» атты туындысы көңілімнен шықты, өте керемет жасалған фильм, негізінен маған қазақ киносының классиктері қатты ұнайды, кез келген режиссерларымызды алмасаң да барлығы шетінен талантты, Абдолла Қарсақбаев, Болат Қалымбетов, ал қазіргі заманда тұсіріліп жұрген жастрадың киноларын онша қабалдай бермеймін.
Режиссер ретінде қандай келешек жоспарларыңыз бар?
Өзімде, кез келген режиссер секілді бірталай жоспарларым бар, яғни жақын арада осы ойларымды пленкаға түсіремін деген сенімдемін, ал енді осы жайлы келесі жолы айтып берермін...