Іс-шараны Түркі әлемі жұрналистерінің Федерациясы мен Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өткізді.
Фестивальдің ашылу салтанаты Түркияның Стамбул қаласында болды. Биыл фестиваль көрсетілімдері тоғыз елдің жетекші білім алу мекемелерінде өтті. Осындай фестивальді ұйымдастыру Түркі елдері үшін қоғамдық және мәдени маңызы бар, түркі мемлекеттерінің басын қосатын, түп тариxына деген сыйластықты көрсететін, әр елдің руxани дамуында маңызы бар оқиға. Кинофестивальге Қазақстан, Түркия, Түркіменстан, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Әзірбайжан және Өзбекстаннан келген режиссерлердің үздік жұмыстары қатысты. Деректі фильмдер өзекті әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдық маңызды тақырыптар жайлы баяндайды.
Шараға Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті Мендерес Демир және басқа да шетелдік қонақтар, сондай-ақ бағдарламада қатысып жатқан деректі фильмдердің режиссерлері, қоғам мен масс-медиа өкілдері, студенттер қатысты. Кинофестивальдің ашылуында танымал актер және режиссер Асанәлі Әшімовке арнайы марапат тапсырылды.