Жәнәбіл Назерке
Т.Жүргенов ат. ҚазҰӨА
I курс, кинотану
Нұр-Сұлтан қаласында 20-24 қаңтар аралығында ATAU қысқаметрлі фильмдер фестивалі өтеді. Фестиваль мақсаты жас режиссерлерді қолдау және шығармашылық идеялармен алмасу болып табылады.
Platforma.projectroom жобасы болып табылатын фестивальге биылғы жылы RedMark киностудиясы, Artop, Aru Cınema жаңа кинотеатрлар желісі қолдау білдірді. Кураторлары - Айгүл Ибраева мен Әйгерім Мәжитхан.
Қазылар алқасының құрамына кинорежиссер Ерлан Нұрмұхамбетов, кинотанушы Ержан Жұмабеков, өнертанушы Айгерім Мәжитхан және өткен жылғы ATAU фестивалінің жеңімпазы Шұғыла Сержан енді.
Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады: «Үздік режиссерлік жұмыс», «Үздік операторлық жұмыс», «Үздік сценарий», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Жаңа көзқарас», «Көрермен дауысы».
Бағдарламаға 20-дан астам фильм еніп, әр кеш сайын 5-6 фильмнен көрсетіліп отырады. Сондай-ақ, биыл жоба географиялық шекарасын кеңейтті. Бағдарламада Қазақстандық режиссерлермен қатар, Қырғызстан және Өзбекстан фильмдері ұсынылады.
Айта кетсек, былтырғы ATAU фестивалінің «Үздік фильм» жүлдесін Шұғыла Сержан режиссерлік еткен «Самал» фильмі иеленген.