Қазақстандық авторларды қолдау, театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру, жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру мақсатында «Үздік тарихи монодрама», «Үздік заманауи монодрама», «Үздік инсценировкалық монодрама» жанрларында жарияланған байқаудың жеңімпаздары 2021 жылдың 27 наурызы – Халықаралық театр күніне орай анықталды.
Байқау Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз деп танылғандар:
«Заманауи монодрама» жеңімпазы – А. Ахмет. «Бейтаныс-таныстар», С. Нұғыман «Жан алқым»
«Тарихи монодрама» жеңімпазы – Қ. Бегманов. «Менің Мұстафам»
«Инсценировкалық монодрама» жеңімпазы - Д. Амантай. «Біреудің өмірі»
М. Әуезов атындағы Ұлттық драма театры жанындағы «Жас драматургтар лабораториясы» аясында жазылған «Үздік монодрама» - Ж. Бауыржанқызы «Қайдасың, мама?»
Байқау қорытындылары бойынша:
- үздік деп танылған бір монопьеса не моноинсценировка театр репертуарына алынып, сахналанады;
- көркемдік тұрғыдан сараптан өткен бірнеше туынды көрермендер назарына телеспектакль түрінде ұсынылады;
- сонымен қатар, сәтті деп танылған кей монопьесаларды режиссерлік, актерлік лабораторияларда оқу, сондай-ақ жеке жұмыстар түрінде қою ұйымдастырылады.