VII Baiqonyr International Short Film Festival-не өтінімдер қабылдау басталды

1 сәуірден бастап VII Baiqonyr International Short Film Festival-не қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталады.
VII Baiqonyr International Short Film Festival-не өтінімдер қабылдау басталды

Жеті жыл бойы BAIQONYR отандық кинематографтың жаңа есімдерін ашып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның талантты жастарын халықаралық деңгейде ілгерілетуге де тұрақты қолдау көрсетіп келеді.

Биыл фестиваль Алматы қаласында 7-11 қыркүйек аралығында өтеді және төрт бағдарламадан тұрады:

* Негізгі конкурс (көркем және деректі халықаралық қысқаметражды кино);

* Ұлттық байқау (көркем және деректі қысқаметражды кино);

* Музыкалық бейне байқауы (клипмейкерлер үшін);

* Анимациялық байқау.

Негізгі байқауға және музыкалық бейне байқауына қатысушыларды тіркеу 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Ұлттық және анимациялық байқауларға қатысқысы келетіндердің соңғы мерзімі - 2022 жылдың 1 тамызы.

Фестиваль ұйымдастырушылары негізгі байқауға 2021-2022 жылдары ТМД және Грузия кинематографистері түсірген, ұзақтығы 30 минутқа дейін және кинотеатрда көрсетуге техникалық жарамды қысқа метражды көркем және деректі фильмдер қабылданатынын атап өтті.

Ұлттық конкурсқа қазақстандық кинематографистер 2021-2022 жылдары түсірген, ұзақтығы 30 минутқа дейін және кинотеатрда көрсетуге техникалық жарамды қысқаметражды көркем, деректі фильмдер қабылданады.

Музыкалық бейне байқауына қатысуға 2021-2022 жылдары ТМД елдерінің кинематографистері түсірген кинотеатрда көрсетуге техникалық жарамды бейнеклиптер қабылданады.

Анимациялық байқауға қатысуға 2021-2022 жылдары қазақстандық кинематографистер түсірген, ұзақтығы 30 минутқа дейін және кинотеатрда көрсетуге техникалық жарамды қысқаметражды ойын фильмдері қабылданады.

Қатысуға өтінім беру үшін фестивальдің ресми сайтында электрондық форманы толтыру қажет https://baiqonyr.kz.

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» Агенттігі, Baribar.kz сайты және Oner.kz интернет-порталы. Фестивальдің ұйымдастырушысы дәстүрлі түрде еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей».