"Музей наурызы" және "Сәнді наурыз" мерекелік іс-шаралары өтеді

Бағдарламаның міндеті – интерактивтік компонентті енгізу және ұлттық дәстүрлерді тарату болмақ. Мерекелік бағдарламаның басты атрибуттарының шараның ұлттық тақырыбымен символикалық байланысы бар.
"Музей наурызы" және "Сәнді наурыз" мерекелік іс-шаралары өтеді

«Музей наурызы» – Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінің түрлі жастағы көрермендерге есептелген мәдени-ойын-сауық және көркемдік-танымдық тақырыптық бағдарламалар кіретін жыл сайынғы жоба. Бағдарламаның мақсаты – қалалықтарды музейге келуге ынталандыру, музеймен эмоционалдық байланысын оятатын қолайлы жағдайлар жасау. Бағдарламаның міндеті – интерактивтік компонентті енгізу және ұлттық дәстүрлерді тарату болып табылады. Мерекелік бағдарламаның басты атрибуттарының шараның ұлттық тақырыбымен символикалық байланысы бар. Бұлар –  ұлттық дастархан, ұлттық киім, ұлттық ойындар, халықтық қолөнер, т.б. Мерекелік апта бойы музейге ұлттық киім киіп келген келушілерге тұрақты экспозицияларға кіру тегін.

Шараның бағдарламасы

21 наурыз (сейсенбі) – «Музей наурызы» мерекелік апталығының
ашылуы.

11.00-19.00 – музей фойесінде қолөнер жәрмеңкесі.

11.00-19.00 – музейдің мәжіліс залында «Сәлем, Наурыз» интерактивтік 3D көрмесі.

12.00-17.00 – музейдің барлық қонақтары ұжымдық киіз басуға қатыса алады. Біздің халықтық шеберлердің жетекшілігімен музейге келушілердің жасаған ұлттық текеметі музей экспозициясының сәніне айналады.

14.00-18.00 – қыш бұйымдарға өрнек салудан шығармашылық шеберлік сабақтары, мерекелік печеньені түсті шайырмен өрнектеуден аспаздық шеберлік сабағы, сондай-ақ ашық қыш құю шеберханасы жұмыс істейді.

16.00 – музыкалық және би нөмірлері бар концерттік бағдарлама. «Наурыз сәні» авторлық ұлттық және стильдендірілген киімдердің
көрмесінің ашылуы,  модельдер дефилесі.

11.00-19.00 – музей ауласында ұлттық тағамдармен кейтеринг ұйымдастырылады, қонақтар киіз үйде немесе басқа да тағамдық орындарда жайғасуына болады.

11.00-19.00 – кез келген келуші «Қазақ даласының тарихы» тақырыптық квестіне қатыса алады. Квест – кейіпкер (музейге
келуші)  танымдық тапсырмаларды орындауға талпынып, жоспарланған сюжеттен өтетін ойынның сәнге айналған жаңа түрі. «Қазақ даласының тарихы» квесінде Қазақстан суретшілерінің кескіндемелік туындылары негізінде қазақ халқының тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тақырыбына бірнеше тапсырма жасырылады.

22 наурыз (сәрсенбі), 23 наурыз (бейсенбі), 24 наурыз (жұма)

11.00-19.00 – музей фойесінде қолөнер жәрмеңкесі.

11.00-19.00 – музейдің мәжіліс залында «Сәлем, Наурыз» интерактивтік 3D көрмесі.

11.30-да және 15.00-де – «Наурыз сәні» тақырыптық көрмесі бойынша тақырыптық экскурсия.

14.00-18.00 – қыш бұйымдарға өрнек салудан шығармашылық шеберлік сабақтары, мерекелік печеньені түсті шайырмен өрнектеуден аспаздық шеберлік сабағы, сондай-ақ ашық қыш құю шеберханасы жұмыс істейді.

11.00–19.00 – музей ауласында ұлттық тағамдармен кейтеринг ұйымдастырылады, қонақтар киіз үйде немесе басқа да тағамдық орындарда жайғасуына болады.

11.00-19.00 – кез келген келуші «Қазақ даласының тарихы» тақырыптық квесіне қатыса алады.

25 наурыз (сенбі), 26 наурыз (жексенбі)

11.00-19.00 – музей фойесінде қолөнер жәрмеңкесі.

11.00-19.00 – музейдің мәжіліс залында «Сәлем, Наурыз» интерактивтік 3D көрмесі.

11.30-да және 15.00-де – «Наурыз сәні» тақырыптық көрмесі бойынша тақырыптық экскурсия.

14.00-18.00 – ыстықтай киіз басу техникасында бұйымдар жасаудан және қыш бұйымдарға өрнек салудан шығармашылық шеберлік сабақтары, мерекелік печеньені түсті шайырмен өрнектеуден шеберлік сабағы, сондай-ақ ашық қыш құю шеберханасы жұмыс істейді.

11.00-18.00 – музей ауласында ұлттық тағамдармен кейтеринг ұйымдастырылады, қонақтар киіз үйде немесе басқа да тағамдық орындарда жайғасуына болады.

11.00-19.00 – кез келген келуші «Қазақ даласының тарихы» тақырыптық квесіне қатыса алады.

2017 ж. 21 наурыз күні сағ. 16.00 Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде сәндік-қолданбалы өнер және мерзімді көрмелер залдарының экспозиция кеңістігінде авторлық киімдер коллекциясымен бірге музей қорындағы графикалық туындылардың көрмесі өтеді. Көркем техника жарыққа аса сезімтал болғандықтан, графикалық жұмыстар экспозицияға сирек қойылады. «Наурыз сәні» көрмесі көрерменге музей қорындағы акварель, гуашь, қарындашпен салынған суреттердің керемет әлемін көрсетудің тамаша ыңғайын келтірді. Қазақстан классикалық өнерінің хас шеберлері Г. Ысмайылованың, Ә. Қастеевтің, Е. Сидоркиннің, В. Колоденконың және И. Бальхозиннің орындауындағы музейдің бірегей коллекциясынан театр костюмдерінің эскиздерін тамашалауға болады.

Тұрақты экспозицияға бұлардан басқа жас киім дизайнерлері дайындаған ұлттық стильдегі әйелдер киімінің бұйымдары енгізілді. Кешкі көйлектер мен әдіптелген желеткелерді, кесте төгілген, моншақ тізілген және ерекше көрікті фурнитуралар орнатылған коктейль киімдерді Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжінің дирекциясы ұсынды. Сәндік киім-кешектер мен аксессуарларды тәжірибелі шеберлер мен оқытушылардың басшылығымен жас модельерлер жасаған. Олардың әрқайсысы ұлттық киім тақырыбына ұлттық стильді жетілдіріп, оларды шапшаң өзгеріп тұратын заманауи сән стиліне  бейімдеу мақсатымен келген.

«Ұлы Дала жауһарлары» коллекциясында жас дизайнерлер сәннің замауи үрдісін қазақ киімінің халықтық дәстүрлерімен біріктіре алған. Болеро бешпентімен жақсы үйлесетін қынама бел көйлектер әр түстегі дәстүрлі барқыттан тігілген. Модельерлер заманауи суреттері бар тығыз матадан тігілген киімдердің бөлшектерін бұйымға көрік беріп тұру үшін өрнекті кестемен және кристалмен әрлеген. «Дала желі» коллекциясында авторлар көшіп-қону тақырыбына мойын бұрған. Қазақтардың сыртқы киімін (камзолы мен шапанын) негізгі бөлшек ретінде пайдаланып, олар көнеден қалған қынама бел үлгісін қазіргі заманауи тік және еркін формаға айналдырып жіберген. Жүні алынбаған тері бөлшектерінің, сәндік тігістердің, этникалық кестелер мен айрықша фурнитуралардың арқасында модельдер стильді, жарқын әрі ерекше болып көрінеді.

 

Тарихи соғыстар мен қазақ хандығының құрылуы, оның алтын дәуірі эскиздердің, одан әрі тұтастай «Алтын ғасыр» коллекциясының жасалуына негіз болды. Көйлектер мен бірін-бірі толықтырып тұратын киімдер толымы көрерменге Ұлы Дала қолбасшысы, сақтар мен массагеттердің патшасы Томирис сұлу басқарған заманға еніп, аралап шығуына мүмкіндік береді.  Көйлектің жер сызған биязы сұлбасы модельдің өзіне конструкцияның қатаңдығы мен патша айбарын беріп тұру үшін көйлек күңгірт реңдегі тығыз жаккардтан дайындалған. Бұйымдар қолдан жасалған алтын фурнитурамен әшекейленген, ал жеңдері алтын таспа-баулы трапеция тәрізді етіп жасалған. Ал геометриялық өрнекті кесте қандай этникалық салтанат беріп тұр десеңізші!

Киім дегеніміз – дәстүрлер мен тұрмыстың көрінісі. Әрбір коллекция өзінше әрі өзінің үлгісімен және сәндік жасауымен қайталанбас дүние. Оларға негіз етіп қазақ әйелдерінің ұлттық киім-кешігінің элементтері алынған. Коллекциядағы әрбір бұйымды жай ғана киім емес, экспонат деп білу керек. Бұл «Haute Couture»  (француз тілінен аударғанда: жоғары сән) сәні. Мұндай киімді күнде кимейді, ол – шебердің фантазиясы, форманың бекзаттығы мен сұлулығын көрсету үшін, бабалардың дәстүрлерін еске алу үшін жасалған дүние. Шын мәнінде, әрбір модель өзінше ерекше, зымыраған өмір ырғағы бізді бәрін жайдақтатуға, өзімізді қоршаған кеңістікті тануға уақыт кетірмеуге итермелейді. Бірақ тігілген өрнек бұрынғы уақытта барлық ұлы нәрселердің бәрі де айтарлықтай уақыт алғанын еске салады. Аса шеберлікті талап ететін мұндай жұмыста асығуға болмайды, беріліп, оған мән бере істеген. Ісмердің қолындағы өрнек  нақты бір текті, мекен-тұрақты және неге арналғанын білдіреді. Ол кезде әдемі матаны табудың өзінің қаншалықты қиын екенін ойлап көріңізші, оны одан кейін қолмен тігіп шығуды ойлаңызшы! Кейінірек Ұлы Жібек жолы киім-кешектерді жібекпен, барқытпен және дүриямен түрлендіруге зор мүмкіндік туғызды.

Заманауи Сән әлемі дизайнердің фантазиясын шектетпейтін керемет қасиеті бар, ою-өрнекке толы матаға бай. Соңғы жүзжылдықта тігін технологиясы мықтап өзгерді, бұйымның пішімі мен өңделуіне көптеген вариациялар ойлап табылды. Мұндай қаптаған сән әлемінен біздің модельерлердің халықтық киімдердің қайнаркөзін сақтап, қазақ ісмерлерінің бірегей мұрасын қазіргі заманға жеткізуге ұмтылатынын түсінген абзал.

Экскурсия бөлімі

Сізге қызық болуы мүмкін: